«Астана» президенттік клубына қосылсаң, «Арландар» сапына қайта қабылдауға дайынбыз, деп Бақтияр Артаев арнайы кездесіп, ұсыныстарын айтты. Бақтияр ғана емес, «Астана арландары» кәсіби бокс клубының директоры Болат Манкенов ағамыз да қайта келуімді сұраған. Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдамаға таласуыма мүмкіндік бар екенін де айтты. Мен бас тарттым, – дейді боксшы Қанат Ислам «Sport» басылымына берген сұхбатында. Бұл туралы alaman.kz сайты жазады.
Сайтта сондай-ақ соңғы кездері бокс жанкүйерлері арасында «Қанат Исламның «Арландар» сапына қайтып оралуы мүмкін», деген әңгіменің жиі айтылып жүргені туралы жазылған.
«Өздеріңізге белгілі, мен қазір кәсіпқой бокста жүрмін. Бір жылда 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеттім. Оның 14-і нокдаун, 2-уі нокаут. 15-ші кездесуімде колумбиялық Эмилио Хулио Хулионы жеңгеннен кейін, WBA тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedecaribe (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) чемпионы атандым. Бұл – Әлем чемпионы атағына жақындау деген сөз. Осындай деңгейге жетіп алып, кәсіпқой боксты қалай тастап кетемін?! Сондықтан, келісім берген жоқпын»,-дейді ол.
Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы, inform.kz