Бейнематериалдар

Көп тілеуімен «Мұзбалақ» қайта түлейді!

Тұрдыбек Майдан. Қазақ кино өнерінің жалындап келе жатқан жас тұлпарының бірі. 1999-2001 жылдары Қытайдың Шәндұң өлкесіндегі Хызы қаласында көркем сурет колледжын оқыған. 2005-2010 жылдары Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Анимация режиссурасы» мамандығы бойынша білім алған.

Талантты жас бәрімізге белгілі «Мұзбалақ» мультфильмінің, «Балапан» арнасындағы «Ақ құс», «Үкілі әуен» секілді балалар сериалы мен түрлі анимациялық жобалардың режиссері.

Өкінішке орай осы бір дарынды перзентіміз созылмалы ақ қан дертіне шалдығып, екі жылдан бері ем алып жатқан болатын. Алайда осы уақытқа дейін алған емі толық нәтижесін бермей, ауруы асқынып барады. Мамандар енді жедел шетелде емделмесе болмайтынын айтып отыр. Оның жолдары да қарастырылып жатыр. Дегенмен оған қыруар қаржы кететіні бәрімізге аян.

Каспий голд: 8 747 413 93 69 Гүлмира Қ.

Қадірлі ағайын! Ардақты азаматтың ауыруынан айығып кетуіне көп болып көмектессек! Әр қазақ мүмкіндігінше жәрдем етсек, азаматымыз көптің тілегімен тезірек сақайып, арманының ақбозына қайта мінсе деген тілектеміз.

Тұрдыбек аз ғана жылда қазақ анимация өнеріне өзіндік өрнек салып үлгерген талантты мультипликатор. Ол жасаған «Мұзбалақ» фильмі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» анимациялық фильмінен 50 жылдан соң анимация аталымы бойынша халықаралық фестивальдің Гран-При жүлдесін алған еді. «Мұзбалақ» араға жарты ғасыр салып бір емес, алты дүркін халықаралық фестивальдің Бас жүлдесін Қазақстан қоржынына салған айрықша кино туынды болды. Қазір де сол аталған фильм секілді «Алтын адам» анимациялық фильмін жасап жатқан білікті азаматтың тезірек сауығып кетуіне баршаңыз ат салысар деген үміттеміз.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*