Жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВ: ҚАЗАҚСТАН – “ҚАЗАҚ ЕЛІ” ДЕП АТАЛУЫ МҮМКІН

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздың ресми атауы Қазақ елі болып өзгеруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Атырау облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

samruk-kazakheli-3d-model_0000_mini– Біздің еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты “стан” деген жалғау бар. Сонымен бір мезгілде, шетелдіктер небәрі екі миллионды құрайтын Моңғолияға қызығушылық танытады, бірақ оның атауында “стан” жалғауы жоқ. Сірә, еліміздің атауын уақыт өте келе “Қазақ елі” деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар, бірақ алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салғаны жөн, – деді Президент.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы еліміз бірлік пен толеранттылықты сақтай отырып, барлық мақсаттарға жететінін атап айтты.

– Біздің артықшылығымыз – көп этносты халқымыздың әралуандығында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 


1 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*