Әдебиет

ДӘУІРБЕК ДҮЙСЕБАЙ: ЖЫМЫҢДАП МАҒАН СЫР АЙТАР МА ЕКЕН ЖҰЛДЫЗДАР.

Вокзал Қолды сүйіп қолымды қалған қысып, Алматыға кетуші ем арман құшып. Осы вокзал еді ғой мені өзіңіз Шығарып сап сан мәрте, алған күтіп. Енді келіп егілем, ақтарылам, Сыр іздеймін қаланған тастарынан. Сіз барда, әке, бұл вокзал өзгеше еді, Тірлік кешіп жататын шат-шадыман. Қайда, жанға сол вокзал сыр құятын? Қазір өңі […]