Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ: Қасиетті сапардан қалған мұра
Мына фотоның тарихы естіген адамды ынтықтырары хақ. Мұнда төрт адамның сол жақ шетінде отырған ұлты түрік Мехмет Гүл дейтін ыстанбұлдық кәсіпкер екен. Одан кейінгі басына қозы терісінен тігілген сеңсең тымақ киген жағалы палтолы адам – Жанымхан Тілеубайұлы. Бұл кісі 1888 жылы Шыңжаң-Алтай өлкесінде туған. 1945 жылдары Шығыс Түркістан жұмқыриятының қаржы министрі болған. 1952 жылы Үрімші қаласында атылған. Ал оң жақта шетте отырған қияқ мұрты сұсты адам – Қапан Жәңгірұлы. Бұл жігіт Жанымханның аталас ағайыны. Артқы жақта түрегеп тұрған бозбала – түркиялық қазақ ақсақалы, Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығының Төрaлқa мүшесi болған, «Парасат» орденінің иегері – Дәлелxaн Жaнымxaнұлы Жaнaлтaй. Дәкең 1922 жылы Шыңжаң-Aлтaй жерінде дүниеге келіп, 2012 жылы Түркияда дүниеден өтті.
Соңғы пікірлер