Шежіре

Моңғолдың «ноқталы аюының» жамбасын сындырған Қайысбай балуан

Мұстафа Өзтүріктің туған нағашысы Қайысбай Иісұлы 1866 жылы Алтай аймағының Сарғусын деген жерінде дүниеге келіп, 1960 жылы желтоқсанда Шіңгіл ауданы, Бәйшін қыстағында 94 жасында бақилық болған. Жақында Қайысбай балуанның туған шөбересі Семсер Құсайынұлымен жолығып, балуан атасы туралы естіген-білгенімізді  оқырман қауымға ұсынғанды жөн көрдік. Балуанның шөбересі бүгінде Астанада жеке кәсіпкерлікпен айналысады […]