Шежіре

Қалбан ЫНТЫХАНҰЛЫ: «ОСПАН БАТЫР ШЕТЕЛГЕ БАС САУҒАЛАУДЫ ОЙЛАҒАН ЖОҚ»

Сәуір айында біреулер Сталиннің, біреулер Гитлердің дүниеге келгенін айтып жатады. Рас, шынында да солай. Бірақ,  бұл айда  осыдан 63 жыл бұрын қазақтың ардагер ұлдарының бірі, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшысы Оспан Сіләмұлы шейіт болған. Сталиннің, Мао Цзе Дунның, Чан Кай Шидің  жандайшаптарымен өмірінің соңына дейін тіресіп өтіпті жарықтық. […]