Кітапхана

ХХ ғасырда Алтайда өткен ақын Оянған Ыңғайұлының сатиралық бір өлеңі.

Оянған Ыңғайұлы. (1914-1972) Қытайдың Алтай аймағы, Буыршын ауданында өмір сүрген ақын. ХХ ғасырдағы қытай қазақ әдебиеті өкілдерінің бірі. Ақынның жазбаша және ауызша тараған бірқатар шығармалары бүгінге жетіп отыр. Оянған Ыңғайұлының «Мұңлық жыр», «алтыншы айдың он төрті», «Баянның бетке басарларына», «шөпке түскенде», «Нұрғабылға», «Күшіктің зары», «Ыдырыш пен қасқырдың айтысы», «Екі құрдас», «Жалқауға» секілді өлең толғаулары бар.

Бүгін сіздерге ақынның сатиралық үлгіде жазылған «Алтыншы айдың он төрті» атты өлеңін ұсынып отырмыз. Бұл өлең қазір Текелі қаласында тұратын Нұрлан Темірханұлының қолжазба дәптерінен алынды.