Шежіре

Рашид Каренов: «Керей» тайпасының этникалық шығу тегі жəне шежіресі

Қазақ халқының құрамындағы тайпалардың бірі — Керейлер екі үлкен этникалық бірлестіктен: Ашамалы Керей, Абақ Керейден тұрады. Ғылыми əдебиеттерде осы атаулардың төркіні туралы айтылған пікірлер аз емес.

Керейлер тарихындағы елеулі мəселе — ол Қазақ халқы құрамындағы Керейлер мен Керейттердің арақатынасына байланысты əр түрлі көзқарастардың орын алулары дер едік. Бұл екеуін бір тайпа ретінде қарастыратын ғалымдар арасында Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, М.Тынышбаев, Р.Г.Кузеев, М.Мұқанов бар. Сонымен қатар оларды екі бөлек тайпа ретінде қарастыратын ғалымдар да бар екендігін айта кеткен жөн. Олардың қатарына мысал үшін Х.Ховорс, Грумм-Гржимайло жатады. Шындығына көшсек, «Керей» этнонимімен «Керейт» этнонимінің арасында елеулі алшақтық жоқ.