Руханият

Мағаз Разданұлының 1994 жылғы сұхбаты: Кең оқырмансыз автор панасыз жетіммен тең.

Әйгілі ақын-жазушы, драматорг Мағаз Разданұлы 1924 жылы, Алтай аймағы, Буыршын ауданы, Дулайты ауылдығында өмір есгін ашқан. 1998 жылы, 74 жасында Буыршын өңірінде өмірден озған.

Шығармалары: «Асулар толғауы» өлеңдер жинағы, «Ертең» өлең жинағы, «Босаға» өлең жинағы, «Уақытқа жауап» өлең жинағы, «Сары бел) » өлең роман, «Ата заман сөйлейді» поэсттер жинағы, «Алтай ақиықтары» роман және «Арман-ай» қатарлы драмасы бар. Оның отыздан астам өлеңі, екі поэсті, бір қанша әңгімесі қытай тіліне аударылды. Ол Қытай жазушлар қоғамның, Қытай аз ұлт жазушлар қоғамның мүшесі. Шинжяң жазушлар қоғамның мүшесі.
«Сары бел» романы мемлекеттік сыйылқты еншлген. Төменде Мағаз Разданұлының 70 жасқа толған мерей тойы тұсында Болат Қазезұлымен болған сұхбатын ұсынып отырмыз.

– ел болып мерей тойыңызды тойлап жатқан осы бір сәтте халыққа, оқырмандарға не айтар едіңіз?

– Кең оқырмансыз автор панасыз жетіммен тең. Белгілі отаны, халқы, оқырманы болмаған авторда шынайы сүйспеншліктің болуы да екіталай. Өзін тәрбиелеуші осындай бір кең өрсі болмаған автор қашан да еңселі бола алмайды.

Әрқандай автордың өзіндік архивы болуы табиғи құбылыс. Бырақ оқырманына не бергенін жіпке тізіп отыру тыйын санайтын алыпсатарлық болар еді. Автор өз қымбатн қалың оқырманның мадағына ілнген күні ғана білуге тисті. Біз айтып отырған бұл реткі құбылыс маған тосын сезілгендей болды. Бұл қимыл маған қуаныш бағыштаумен бірге, борыш та жүктегенін сезінудемін. Мен ең алдымен партияға, отанға, халыққа, оқырмандарға шекісз алғсымды айтамын. Қара нар тарту еткен қауымға сол қаранардай қайыспай жүк арқалайтын сеніміді білдіргім келеді.

– Тұрмыс дағдыңызды айтсаңыз, жазумен қай уақыттарда көбірек шұғылданасыз?

– Сіз, әрине түрме тұрмсындағы дағдыны сұрап отырмаған боларсыз, Кейбір авторлар тұрмыста алаңсыз болуды талап етеді. Бұл мәселенің бір жағы ғана болса керек.

Шынын қуғанда алаңсыздық сезімді тұмшалап, авторды маубастыққа жетелейді. Ең абызалы, автор өзін өзі қамшлап отыратын сергек ойдың елгезек шабарманы болғаны жөн. Жөнінде әр тұрлы түснік бар. Кейбреулер-шарап шабттың қақпағы, күлкі-кілті-деседі екен. Менше, шабыт мәлім түйсікке жүкті болған ойдың толғағы Шираған кезі болса керек. Шабыттың түп-төркіні-уақытпен таласу, уақыттан озу, сұрағыңызды нақты білгіңіз келген жеріне келсек: әркімнің тұрмыс дағдысы басқа болар, менің тағдым: радио, Телевизордың жаңа хабарларын тыңдауды, әредік дене еңбегіне қатынасуды қолдан жібермеймін. Топырақты өлім болмаса, торқалы тойға көп бармаймын. Жатын орным мен жазу бөлмем бір. Онда Телевизор, мөзікә аспаптары сияқты аспаптар болмайды. Денсәулғыма байлансты көбінше жамбастап жатуды ұнатамын. Материял оқыған, сезімге берілген кездерде көбірек осылай болады.

Қажетыне қарай түнгі ұйқыны қоспағанда, көбінде күндіз жазамын. Әйтеуір, бірінің есесін бірінен алып, әр күнгі 7-8 сағат ұйқыны жібермеймін. Шіп-жейтіндерім-кәдімгі қазақы тағамдар, материял қайнарым: ауыл-қыстаққа жақын қалашықта жасағандығымнан, үйіме келіп-кететіндер көп болады. Газет-журналдарда жарияланған баяндама, мақала, шолулар, тарихи деректер, басылған кітаптар, өз жинаған естеліктерім, қулық-сұмдығы жоқ аңқау кәрілермен сыр жасыруды әлі бойына тоғтып үлгрмеген бүкпесіз жастармен әңгімелесу, міне ослар менің өмір құблсын екшейтін Еңбектерім.

– қайсы шғармаңызды бір шама сәтті жазылды деп есептейісз?

Шынын қуғанда нағыз төреші сыншлар ғой. Қай автормен тылдэссеңіз де өз еңбегін іштен шыққан шбар жылан деп есептейді, алайда, мен асулар толғауының 1970-жылдардан бергсі мен сары белді атар едім.

– таяуда соңғы нүктесін қойған кесек шығармаңыз бар ма?  алда қандай жоспарыңыз бар?

– Бір талай уақыттан бері шұғылданып келе жатқан алтай ақиықтары деген романның соңғы нүктесін қойып үлгірмесем де, аяқтайын деп қалды, алдағыда, ғұмыр болса, өзімнің 70-жылдық өміріме бір үңілсем деген ойым бар.

– Өзіңіз үнемі ең жақсы көріп айтатын бір ауыз сөзіңіз бар ма?

– Өзінің кім екенін ұмытпаған азамат атаның арманына да мұрагерлік ете алады.

– Жетпіс жасты бейнелеу тілмен қалай суреттеуге болады?

– Жетпстің жетесізі-күнге күйген тулақпен тең,

Жетелсі-қайта алшындаған құрақпен тең.

– Өзіңіз поэзия мен прозадағы еңбегіңізді қайсына қанағаттанасыз, екі жанрдың қайссы жаныңызға жақын?

– Поэзия мен өз кезінде тату өтіп едім, қазір арамыз алыстап барады. Жаңа көрші-прозаның сырын әлі ала қойғаным жоқ. Сірә, мұнан кейін поэзиямен араз өтпесем де, прозамен етене жақын өтетін сияқтмын. Мен үшін бұтарға көнетін поэзияның да қара кесегі мол, прозаның қымбаты зор.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Болат Қазезұлы. 1994 ж.   

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*