Руханият

Ғазез РАЙЫС: ОСПАН ТӨҢКЕРІСІ

ОСПАН БАТЫР ИСЛАМҰЛЫНЫҢТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ («Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясында жасалған баяндама)

Оспан төңкерісі ХХ ғасырдың 30–50 жылдары болған, Қытайдың Гоминдаң үкіметінің Шыңжан билеушісі Шың Шысайдың ұлттық отаршылық езгісіне қарсы, Кеңестік империализм Шығыс Түркістан Республикасының Қытайға қарсы қарулы көтерілісін пайдаланып, Шыңжанды отаршылдығына алуға жəне ең соңында Монғолия тəуелсіздігіне бола Гоминдаңға сатқан сатқын Сталин опасыздығына қарсы болған төңкерісін қазақ халқының еркіндік, бостандық, тəуелсіздік алу жолындағы ұлт-азаттық қарулы төңкерісінің бір бөлімі. Оспан төңкерісінің мақсаты:

Қазақ халқын отаршылық езгіден азат, тəуелсіз демократиялық ислам республикасын құру еді. Біз қазір 3 ғасыр қазақтың қанын ішкен орыс отаршылдығынан тəуелсіз қазақ елінде жасап отырмыз. Міне бұл Оспан армандаған қазақтың тəуелсіз мемлекеті. Міне бұл алаш ардагерлері армандаған мемлекет. Сондықтан Оспан төңкерісі дүниедегі қазақ ұлт- азаттық, тəуелсіздік жолындағы төңкерісінің бір бөлімі деуге болады. Əрқандай төңкерістің туылу себебі, соңғы салдар нəтижесі болады. Оспан батыр төңкерісі де төңкеріс екен. Оның туылу себебі, соңғы салдары бар.

Қытайдың Шыңжан өлкесін: 1918 жылдан 1923 жылға дейін Яң Зычин биледі. 1923 жылдан 1933 жылға дейін Жин Шурин биледі. Ғазез РАЙЫС, М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының əдебиеттану бөлімінің аға зерттеушісі, доцент. Алматы 76 77 1933 жылдан 1944 жылға дейін Шың Шысай биледі. 1944 – 45 жылға дейін У Жұңшин басқарды. 1945 – 1952 жылға жейін Жаң Жыжүн басқарды. 1952 жылдан 1978 жылға дейін Уаң Инмау басқарды. Шыңжандағы қытай отаршылдарының аз санды ұлттарды рақымсыз езіп, қанауының нəтижесінде сан рет ұлт-азаттық төңкерістері болды. Мысалы: 1920 жылдан басталған Алтайдың өзінде Бөке батыр, Асылбек қылаң, Ақбай, Жантайлақ, Зуқа батыр төңкерістері болды. Ал Жін Шу Рін таққа шығып Шыңжанды билеп тұрғанда 1927 – 1930 жылдары Ма Зыхуй деген төңкеріс жасап, Қашқарды басып алып, ұйғырларды қырғындады. 1931 – 1934 жылдары Ма Зыхуйды жоғалтып, Моласауыт, Жақыпбек, Ораз дегендер бірлесіп «Шығыс Түркістан» ислам республикасын құрды. 1929 – 1931 жылдары Қожанияз бастаған Құмыл ұйғыр төңкерісін 1930 жылы Ақпатшаның қашқын əскерлері Бабинго төңкерісі, 1931 жылы Ма Жыңфу, Ма Жыңюан дүңген төңкерісі, 1932 жылы Іле генаралы Жың Фыңюан төңкерісі болды. Осылардың барлығы Гоминдаң үкіметінің Шыңжанды билеуші Жин Шурин үкіметінің ұлттық отаршылдық, таптық езіп қанаушы үкіметін аударған ұлтазаттық тəуелсіздік күресі еді. Қат-қабат қоршауда қалып, жан алқымға келген Жин Шурин лажысыз Шың Шысай «Төңкерісшілерді жаныштаушы армияның бас құманданы» етіп тағайындады.

Шың Шысай ежелден Гоминдаңдан дербес мелитаристік дара билік үкімет құру ниеті бар адам еді. Бұл орай келді деп біліп, осынша көп көтерілісті жанштауға өз армиясының шамасы жетпесін біліп – сонау 20 жылдары Жапонда оқып жүргенде кеңестіктермен үйір айқастығын пайдаланып, Үрімжідегі Кеңес одағы консулынан (Залеткиннен) көмек сұрап – Сыртқы істер қызметкері Шың Дылиңді жібереді. Залеткин мен Го Нинды қонаққа шақырып, тарту таралғы ұсынып, «Кеңес одағының коммунистік мұратын қастерлеп, Капитал мен Ленинизмді1 оқып жүргенін, марксист болғысы келетінін айтады. Жəне көршілік əскери, экономикалық көмек көрсетуін өтініп Мəскеуден жəрдем сұрайды.

Кеңес одағы 1933 жылы Георгий Абрасовты бас консул етіп тағайындап, 1933 жылы 12 сəуірде Шың Шысайды сүйеп таққа шығарып, «Дубəн»21 өлке төрағасы – деп танып мəлімдеме жариялайды.

Кеңес одағы Шың Шысайға көмектесіп, Құмылдан сыртқы Монғолия арқылы 1500 адамдық əскери қосын жіберіп, Қожаниязды қоршауға алып, еріксіз өлкенің орынбасар төрағасы боласың деп көтерілісін жояды. Ма Жыңюанды Ганьсуге шегіндіріп, Ысқақбек Мононовты бас құмандан етіп – Шығыс Түркістан Ислам Республикасын талқандап, Ақ патшаның қашқын армия генаралы Бабинковке шетелген шығып кетуге бұйырды.

1934 жылы 28 желтоқсанда Кеңес Іленің қорғанысы арқылы əскер кіргізіп, қоршауға алып Іле генаралы Ма Жыңюанды у ішіп өлуге мəжбүрледі. 1935 жылы Шың Шысай Кеңес одағының нұсқауымен 6 саясат (алты ұран) жариялады. 1) империялизмге қарсы тұру, 2) Кеңес одағымен дос болу, 3) барлық ұлт тең құқылы болу, 4) бейбітшілікті қорғау, 5) реформаны жүргізу, 6) парақорлыққа қарсы тұру.

Осы саясатты жүргізу мен тиянақтандыруға Кеңес одағы 25 адамдық басқарма бастығы дəрежесіндегі адам жəне 10 мың адамдық киім, қару, оқ-дəрі жіберді. 1936 жылы Сталин қайын енесі Суəнидзенді жіберіп, төрт миллиард сəрі күміс қарыз беріп – сауда тоқтамын жасасты. Оны Шиуан Фудың «Шыңжанның құпия саудалары» деген кітабының 119 бетінде (қытай тілінде) былай жазды:

«1937 жылы шілде айында Шың Шысай Кеңес одағы коммунистік партиясына кіру үшін Мəскеуге барды. Сталинмен кездесті. Сталин оған бес жұлдызды орден тақты. Шың Шысай Кеңес одағы компартиясына мүше болды. Сонымен бірге Кеңес одағынан бес миллион сəрі күміс қарыз алу, Құмылда Кеңес армиясын тұрғызу, Тудыңқабада күріш ақтау заводын салу, Алтайдан асыл тас алтын кенін ашу, Қашқардан мыс кенін ашу туралы Кеңес – Шыңжан сауда келісіміне қол қойды» делінген.

Кеңес одағы 1937 жылдан бастап Шың Шысайдың екі тізгін, бір шылбырын қолына алды да, Кеңестік қоғамдық түзім орнатуға, алдымен саяси реформалар жүргізуге ауыл шаруашылығын коллективтендіруге, оқу ағарту, денсаулық, саудада тен үйрену үгіттеу, қолдануды жолға қоюды талап етті. Шың Шысай жағымсып Кеңес одағынан қашып келген 108 қазақты ұстап, ақыры өлтіріпті.

Шың Шысай – Гоминдаң үкіметінен қол үзіп дербес патшалық орнату үшін Кеңес одағына сүйену, айтқанын атқару, нұсқау алу, советтік социализм жолымен жүрмек болады. Шың Шысай үшін – Шыңжан қытайдың бір өлкелік орны болғандықтан, өлкелік-үкімет партия, армия басшыларын Жұңхуа Минго үкіметі – Шаң Кайши тағайындаған кадырлар солардың қоластындағы адамдар. Бұлардың барлығы Шың Шысай сөзін атқара қояр ма? Шың Шысай:

– Сталин қалай айтса, солай істеу керек! – деп ойлады. Кеңестік ақылшылар нұсқауы бойынша: 1) Үкімет, партия, армия, ел басшыларын алуан сылтаумен тұтқындау. Берілмегеніне жазалау жүргізу, ол үшін жасырын шпиондық органдар құру. Жаза лагерлерін ашуды, сақшыларды молайту – халықты оларды əшкерелеуге үгіттеп қарсы қою, жала жабу, зорлап мойындату, өтірік айттырды. Тек қазақ, қырғыз, монғол басшыларынан құрылтай ашылады деп 300 адамды шақыртып алып – сендер Жапонмен, Америкамен, Англиямен тіл біріктіріп, төңкеріс жасамақсыңдар. «Сендер өздеріңді, бір-біріңді жəне басқаларды əшкерелеңдер. Өз қолыңдағы, басқалардағы мылтықты жинап беріңдер. Адам жіберіңдер», – деп алғашында жиын болса, кейін тұтқындау, түрмелеу, қинау, өлтіруге ұласып, осындай қылмысты еткен адам саны 10 000 болған. Ал, Алтайдан осы рет Шəріпхан дуың, Ақыт қажы, Халел қажы сияқты 14 адам ұсталған.

2) Алдында малы бар – жейтін еті, ішетін сүті бар, мінетін аты – көшетін түйесі бар, қолында құралы бар, соғысса паналар тауы бар, көшерін жел, қонарын сай білетін қазақты ең əуелі отырықтастыру, астындағы атын, қолынан құралын алу керек – дейтін зұлымдық жүргізді.

3) Елге «9 алман»3 салық салу, байларды компескілеу дейтінді шығарды. Сол кезде капиталист Үсейін байдың заводын, баспаларын алудан сырт, үйіндегі 27 пошка алтынын тəркілеген. Міне бұл тек Алтай ғана емес Тарбағатай, Іледегі əр ұлтқа келген алапат еді. Осындай себеппен 1940 жылы Алтай аймағына 240 адам жиналады. Жиналыс үстінде бізде мылтық жоқ дегендігі үшін Қарақұл залыңды, Гомбожав үкірдайді қолға алғанын көрген Ақтеке, Есімхан бастаған ел басшылары – біз елдегі мылтықты жинап əкеліп береміз, сіздер бізбен бірге ел аралап үгіт айтыңыздар – деп ұсыныс жасайды. Бұлардың мақсаты – осы жиыннан құтылып алсақ тағы көрерміз, егер елді аналар қысатын болса бəрі бір өлім, осылардың көзін жой- ып өлсек-өлейік деп жиыннан қайтады

Ақыры, 1940 жылы ақпанның бірі күні Оқан зəңгі үйінде қонып жатқан Көктоғай ауданының бастығы Шуй Рылин бастаған 18 адамды балта, пышақ, тоқпақпен ұрып өлтіріп 8 қару түсіреді. Халел тайжы ұлы Сайып – Сарноғайды өлтіреді. Есімхан Ноғайбайұлы, Қапас Тіркешұлы, Сайып Жəлелұлы, Сүлеймен қатарлы 30 адам осының алдында ақылдасып, серттесіп алған болатын. Жиыны 13 мылтықпен Ақтеке, Есімхан төңкерісі осылай туды. Міне Алтайдағы алты жылдық төңкеріс алғаш осылай ба- сталады.

Ақтеке, Есімхан, Рысхан бастаған төңкерістің тууына Гоминдаң Шың Шысай үкіметінің дербес патша болу қара ниетін пайдаланып, Шыңжанды отарына айналдырмақ болған Кеңес қызыл империясының отаршылдық саясатына қарсы Шыңжан халқының төңкерісі деуге болады. Шың Шысай 1942 жылы Есімхан, Қалман бастаған төңкерісін 1944 жылы екі рет тоқтатып, тоқтам жасағанымен, Оспан үздіксіз төңкерісті жалғастырып, 1945 жылы қазанның 6 күні Алтайды азат етті.

Оспанның Шығыс Түркістаннан бөліну себептері

1946 жылы Сталин «Оспан өзі қарсы болған Гоминдаңмен бірлесті» деп кіналайды. Тəуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бір даналық сөзі бар: «Қазақтың мəңгілік жауы да, мəңгілік досы да жоқ» дегені сияқты, қазақ мүддесі үшін Оспан Монғолияның шырғасымен Шығыс Түркістанмен (Кеңеспен) достасқаны да, Шығыс 1 Түркістан артындағы Сталиннің қызыл армиясы мен гена- Жан, жер, су, қазан, мал, хан, айырбас, өсім, алман – 9 алман аталады 80 81 ралдарын, агенттерін көрген-білгеннен кейін бөлінгені де, жауласқаны да шындық. Бөліну мен бірлесу – саяси күрестің тəсілі. Егер Оспанды Шығыс Түркістаннан бөлініп, Гоминдаңмен бірлесті десең, Сталин құмандандығындағы Шығыс Түркістанның 70 мың армиясы Сталиннің бұйрығымен Манас дариясынан өтпей Гоминдаң үкіметімен 1946 жылы желтоқсан айының 29 күні тоқтамға келіп, бірлескен үкімет құрып, Гоминдаңнан Жаң Жыжұң төраға, Ахметжан орынбасары болды. 12 мың мұсылман Шығыс Түркістан үшін жанын пида еткен төгілген құрбандар қаны бодаусыз кетіп, өз қолымен Сталин халық төңкерісін сатты. Қытайдың Гоминдаңына отар етіп тоқтамдасып, қайта басын байлап берген жоқ па? Əулиенің от қоюына болады, бұқараның шырақ жағуына болмай ма?

Кеңес одағы қызыл империяның Шыңжанды отарлап, Қазақстан таз кебін кигізбек болғаны шындық. Ал бұған қарсы Қытай қазағын өзі құрған отанын, жерін осы айдаhар азулы темір тысты кеңестік жыртқыштан қорғау қылмыс бола ма? Оспан міне осы саяси қысымның салдарынан уақытша болса да – күшті Кеңеске қарсы тұру үшін əлсіз Гоминдаңнан əскер, қару алу үшін бірлесті. Сонда Қытайдағы қазақты сатқан кім? Сатқындыққа қарсы болып қасықтай қаны қалғанша күрескен кім? Оспан осыған кінəлі ме?

Оспан 35 жылдары Бөке батырдың серігі 1939 жылы Ақыт қажыны Шың Шысай тұтқында ғана қарсылық жасап соғыспақ болған 60 адамның бірі Зуқа батырдың батыры, 1940 жылы Ақтеке, Есімхан төңкерісіне қосылып, 1942 жылы 10 батырдың бірі жəне төңкеріс көсемдігіне сайланды. 1943 жылы дербес төңкерісін жасап, 4800 жасағымен Гоминдаңның 150 мың адамдық армиясымен 6 жыл соғыс апарды. Інісі – Дəлелхан, баласы – Зия, Əри қызы – Кабира, Фансия қатарлы 7 баласын Гоминдаң жендеттері қылыштап зынданда өлтірді. Оспан 6 жыл гоминдаңның Шың Шысай жендетімен соғысып жеңіп, 1945 жылы қазанның 6 күні Алтайды азат етті. Бірақ Оспанды шақырмай Шығыс Түркістан үкімет төрағасы Əлихан төре Алтайға келіп, Алтай Шығыс Түркістан үкіметінің бір аймағы, Оспан уəли, Дəлелхан əскер қолбасшысы деп, барлық Алтай əкімшілік мекеме бастығы мен 7 аудан бастық əкімін Кеңес одағы мен Монғолия адамдарынан сайлады. Халық қолындағы құрал жиналсын деп бұйырды. Оспанға ілесіп 6 жыл соғысқан батырларының біреуі де əкімшілік не əскери қызметке алынбаған. Осы себепті Оспан Шығыс Түркістанға наразы болды. Осы жұмыс Оспанға айтпай жасырын істелген. Кейін Оспан қалаға кіргенде жалғыз Дəлелхан ғана алдынан шыққан. Кеңестіктер кірген індерінен шықпаған. Оспан жиында былай дейді: «Мен уəли болсам жеті аудан əкімін кім сайлап бекіткен? Əскер менікі, Дəлелханды кім қолбасшылыққа белгілеген? Мылтықты мен Гоминдаңнан тартып алғамын. Монғолдан ат беріп алғамыз. Кеңес одағы маған қашан бір мылтық беріп еді? Мылтықты жинауға мен бұйырамын, мылтық менікі, мылтық жиналса маған тапсыру керек. Көктоғайға орыстар 300 əскер төгіп алтын қазды. Оған кім рұқсат берген? Біздің ұрпақ кейін не күн көреді, рұқсатсыз алтынымызды неге алады? Бұл орыстың бізді қай басынғаны? Алтайды біз азат етіп сен басқармақпысың? Алты жыл менімен бірге үкірдай, залың, тажы мансабы бар мыңғырған ел, малы бар, толықсыған елі, жері бар ел басшылары осылардан айырылып, қатын-баласынан айырылып қазақ халқының ар-намысы үшін Шың Шысайға қарсы төңкеріске қатынасып, даңқпен бірқаншасы құрбан болды. Олардың сіңірген еңбегі де ескерусіз қалса, жетім бала, жесір қатынға берілер үлес қайда? Тірілеріне үкіметтен тиесілі орын қайда? Олар кім үшін соғысты? Не үшін соғысты? Менің жалғыз қуыршақ уəли болғаным оларға сатқындық емес пе? Сендер мені кім деп жүрсіңдер», – деді. Ақыры үкіметті толықтырып Латыпты орынбасар уəли, Қапасты орынбасар қолбасшы етіп сайламақ болды. Бірақ орнығып алған кеңестіктермен монғолиялықтар Оспанның сөзін тыңдамай, аяқсыз қалдырды. Оспанның 4 уəзірі, 10 батыры, 25 ақылшыларының біреуі де үкіметке кіргізілмеді.

Оспан оқымағанымен өмірден тоқығаны көп. Ол соғыстан соғыс ғылымын білді, өзіндік соғыс стратегиясы мен тактикасы болды. Латып Мұстафаұлы мен Құрманбайдың айтуынша Оспан 27 реткі үлкен соғыстың құманданы болып, 21 рет жеңіп, 6 рет жеңілді. 82 83 Оспан Қазақстаннан қашып келген Ғаббас мүфти, Ахметжан болыс, бай Құрман би, ақ орыс офицері Сидинков, Зенков арқылы Кеңес одағын білді. Гоминдаң берген хабарласу радиосы мен радиус башыр арқылы халықаралық хабарларды күнбе-күн біліп отырды. Жəне Гоминдаң үкіметі мен Шығыс Түркістан үкіметіне тыңшы, жансыз кіргізіп, жау жағдайын алдын ала біліп, ел басшылары, батырлармен ақылдасып, жағдайға қарай соғысқа дайындық жасап, сəтсіздікті сабақ етті. Оспанның көз-құлақтарының бойынша мынаны білді:

1) 1945 жылы ақпанның 4-11 дейін Алтайда ІІ дүниежүзілік соғысынан кейінгі ықпал бөлісу келісімін жасасты. (Сталин, Чершел, Рузвельт) осы келісімге сай Кеңес одағы – Қытай, Жапон – Индия, Пəкістан – Кореяны ықпал көлеміне алатын болды.

2) 1945 жыл Сталин Америка консулы Хойкнеске берген жауабында – «Қытай Валта шартын мойындаса, біз Қытайға кіріп Жапонмен соғысамыз» – деді.

3) 1945 жылы шілденің 5 күні Жиаң Кайши Сталинге телеграмма арқылы – «Кеңес одағы Қытайдың иелік құқығына кепілдік етіп, Солтүстік пен Шыңжанды бүлікке көмек бермесе, Кеңес одағының Монғолия туралы талабын ойлап көреді», – деді.

4) Мəскеуде келіссөзге бола барған соң Зу Ынға Жиаң Кайши 1945 жылы шілденің 7-сі күні телеграмма беріп «Кеңес одағы Монғолия тəуелсіздігіне жол беруіне болады», – деді.

5) 1945 жылы шілденің 9 күні Сұң Руин мəлімдеме жариялап: «Кеңес одағы Шыңжан бүлігін тыныштандырса, Қытай Монғолия тəуелсіздігіне жол береді» – деді.

6) 1945 жылы шілденің 9 күні Сталин: «Мейлі Яңдан болсын Шыңжан болсын барлығы комитет бастығы Жиаң Кайшиға бағынады. Кеңес одағы Қытай үкіметін қолдайды» деді.

7) 1945 жылы мамырдың 20 күні Сталин: «Шығыс Түркістан армиясы Манас дариясынан өтпесін» деп Малиновқае бұйрық берді.

8) 1946 жылы тамыздың 13-і күні Қытайдың сыртқы істер министрі Уаң Шие мен Кеңес одағының сыртқы істер министрі Молотов Мəскеуде «Кеңес одағы-Қытай келісіміне» қол қойды.

9) 1946 жылы шілденің 17-сі күні Жиаң Кайши Шыңжан өлкелік қорғаныс гарнизон бастығы Жу Шаулияңға «Ілені қайтарып алуға дайындық көр» деп бұйырды.

10) 1946 жылы қазанның 10 күні Шығыс Түркістан Республикасы №100 қаулысымен Рақымжан Сабырғажиев, Ахметжан Қасыми, Əбілқайыр төре үкімет өкілі болып Гоминдаңмен келіссөзге баратын болды. 1946 жылы қазанның 14-15 күні Гоминдаң үкіметі Жаң Жыжұң, Лан Хансау, Дың У Ни, Жаң Жыңуй келіссөзге өкіл болып баратындығы жарияланып, 1946 жылы қазанда Жаң Жыжұң «Бір мемлекет екі үкімет өкілі емес – Шығыс Түркістан өкілі төңкеріс жасаған бұқара өкілі толығымен қатынасса» деп Кеңес одағы консулына талап білдірді. Кеңес одағы оған көнді. Тіпті Ахметжан «Шығыс Түркістан» деген саяси сипат алмайды, жағырапиялық атау – деп жариялады. Сонымен 1946 жылы 29 желтоқсанда Бірлескен үкімет құрылып, əскерді қайта өзгертіп құратындығын жарияланы. Бастығы Жаң Жыжұң, орынбасары Ахметжан Қасыми болды. «Шығыс Түркістан» деген атауды өшіріп, «Үш Аймақ» деп атайтын болды. Міне Оспан өзінің көз-құлағымен естіп, осыларды біліп отырды. Шығыс Түркістан Республикасының төрағасы Əлихан төренің атсыз-аяқсыз жоғалуы Оспанға тағы бір күмəн тудырды.

11) Кеңес одағы Шыңжанды отарына айналдыру жоспары өте ертеден басталған. Бұрғыбан Шағиди, Ахметжан Қасыми, Ысқақбек Мононов, Дəлелхан Сүкірбаев, Патих Мүсілімов, Əбдікəрім Аббасов, Рақымжан Сабырғажиев қатарлы Шыңжандықты ұзақтан бері тəрбиелеп, орналастырудан сырт Шығыс Түркістан төңкерісінде – айырықша армия генарадары Малинов Петр Романович, Александров, Попов, Уйтнов қатарлы адамдар Шығыс Түркістан армиясының қолбасшылары болып істеді.

12) Осы жариялықта Оспанға Ысқақбек пен Дəлелхан «Азаттық батыры» орденін əкеліп тарту етті. Оспан орденді ұстап отырып «Сендер менің халықты азат етудегі еңбегімді қадірлесеңдер «батыр» деп атасаңдар жетіп жатыр. Қазақ батырлықты темір теңгемен бағаламайды. Теңге тағатын мен қыз емеспін» деп, əйелінің алдына тастай салады. Ысқақбек Оспанның мақсатының бөлектігін біліп, «Алтай 3» атты бригадасын ұйымдастырып Дəлелханды құмандан жəне Алтайдың уəлилігіне тағайындады. Осыдан кейін Оспан 1946 жылы шілденің 4-і күні 84 85 Сарсүмбеден Арал жайлауына шығып кетіп, бұрынғы қанкөйлек серіктерін жинауға бұйырды. Ақылдасты. Гоминдаңнан адам, құрал алу үшін бірлесіп қызылға (Кеңес одағына) қарсы соғысқа шығуға дайындық жасады.

Оспан Гоминдаңмен бірлескен соң

  1. 1946 жылы қаңтарда Мұқаметжан Мұрсалыұлы атымен Жанымханға хат жазып «Біз Гоминдаңға бағынбақшымыз» деді. Осы кездегі Шың Шысайдың орнындағы У Жұңшың – Го Жишаңға бұйырып Құсайын ұяң Оспанға, Нұрғожай Қапасқа қызмет істесін деп Бəшір дегенді жібереді.
  2. Оспан Қанатбай, Кəкеше, Сұлтанды Бəшірге қосып Жанымхан қажыға

1) Алтайға əскер жіберсін. 2) Қару көмек берсін.

3) Тұрақты өкіл хабарласуға радио жіберсін.

4) Қаражатты төте жіберсін.

5) Азық-түлік, пұл, шай жіберсін, – деп талап етті. Жаң Жыжұң – Сұң Чиланға, Лию Мишунге талабын орындауды бұйырды. Алтай уəлилік таңбасын, радиосымен бірге Оспанға беріп жіберді.

  1. 1946 жылы Кеңес одағының армия полковнигі Коноков 300 əскермен Көктоғайда отырған Оспан ауылына қоршап шабуыл жасады. Оспан дайындықта болғандықтан оларды Алтайға қуып тықты. Дəлелхан 500 əскермен Күрті деген жердегі Оспанға шабуылға өтті. Оспан 150 үй адамымен көше соғысып, Бəйтікке барды.
  2. 1947 жылы маусымның 5 күні Монғолия əскері Оспан Бəйтікте болар деп, Бəйтікке 500 адам, 2 ұшқышпен шабуылға өтті (Мұнда полковник Хан Уи Пыңның əскері бар еді). Бəйтіктегі шекара қорғанысын талқандады. Қашқан əскерлер Оспанға барды. 1947 жылы тамыздың 7-сі күні Оспан 200 атты əскермен Баркөл арқылы Бəйтіктің Монғолия жағынан тұтқиыл шабуыл жасап, 500 монғол əскерін Бəйтіктен қуалап шығарып, бір ұшағын (кеңестік ботчик жай санатын) қолға түсіреді. Хан Уипың əскерін қайта Бəйтікке орналастырып қайтады. Бұл хабар дүниені дүр сілкіндіреді. Бүкіл қытай ақпараты Бəйтік оқиғасын таласып жариялауға кірісті. Қытайдың батыс терістік бес өлкесінің қорғаныс гарнизон қолбасшысы Сұң Чилиян Бəйтік оқиғасы атты кітап (114-15) жазды. Оспанға 700 адамдық қару-жарақ, əскери тəрбиеші, азық-түлікпен қамдады.
  3. 1947 жылы тамызда Оспан Гоминдаңнан алған əскерімен қосқанда 1000 адамдық армиямен қайтадан Алтайға шабуылға өтіп, Алтайды кеңестіктерден тартып алды. Дəлелхан 200 адаммен жан сауғалап Жеменей арқылы Тарбағатайға өтіп, Кеңес одағына паналады. Дəлелхан кейін Кеңес одағынан 1500 əскер, 20 неше броник машинамен Шəуешек арқылы Алтайға шабуылға өтті. 1947 жылы желтоқсанда Алтайды Дəлелхан қайтарып алды. Оспан шегініп Мори, Шитайға барды.
  4. 1948 жылы Гоминдаң үкіметі Алтай уəли мекемесін Шонжыдан құрды. Оспан уəли, Латып орынбасары 7 аудан əкімдерін белгіледі.
  5. 1948 жылы наурыздың 1 күні Оспан «Шыңжандағы мұсылмандарға шақыру хат жариялады» (115).
  6. 1948 жылы тамыздың 6-сы күні Сұң Чилан Закарияны жіберіп Оспанды сайлау үшін Үрімжіге қонаққа шақырды.
  7. 1948 жылы мизамның 10-ы күні Оспан қасында 70 ақсақал сарбазы, 100 жасағымен Үрімжіге барады. Чимгу деген жерде 10 қазақ үй, 20 шатыр тігеді. Алдынан үкімет бастығы Айса, Жанымхан, Дəлелхан 100 адам күтуші болды. Оспан ақ ат, 4 уəзірі қара ат, сарбазы торы ат, əскері құла ат мініп Үрімжіге кірді. Алдынан Жан Жыжұң, Əлен уаң, Жанымхан қажы, Қадуан, Зəкария қатарлы үкімет басшылары қарсы алды. Оспан оларға 40 тұлпар, алтын, жамбы, бұлғын, шай тарту етті. Оспанға бірінші рет үкімет атынан генарал Сұң Чилиян қонақасы берді. Осы қонақасыда Оспанға «Отан қорғаудың батыры» деген медал тағып, «Қазақ халқының қаһарманы» деп атап, былай дейді: Монғолия Президенті Чойбалсан: – Оспанға еліне паналайтын жер, соғысар əскер, қару бере тұрып, Алтай тегінде монғол жері еді. Кейін бізге Алтайды қайтарып берсең, – дегенде Оспан: – Мен сізбен халқымның төңкерісін қолдағаныңыз үшін достасамын. Мен жер бөліп беретін мемлекет бастығы емеспін. Мен бөліп бердім дегенге кім сенеді? – деді. Бəйтік оқиғасын білесіздер! Алтайға Кеңес одағының 300 адамдық əскері келіп алтын қазып жатқанда, оны Оспан қуып шықты. Оспан 6 жыл бізбен соғыста 800 үйлі кемпір-шал, жас баланы қорғап, малын айдап көшіп жүріп 4000 əскермен Шың 86 87 Шысайдың заманданған 150 мың əскерімен соғысып, ақыры Алтайды азат еткен. Бұл тарих қытай тарихына жазылған соғыс тарихы. Мен сондықтан «Оспанды отан қорғаудың батыры, қазақ халқының қаhарманы деп атадым». Екінші рет Үрімжі атынан Қадуан ханым, ұйғыр атынан Қожанияз, қазақ атынан Жанымхан мен Зəкария, Англия консулы Маккернан қонақасы береді. Оспан бір жеті қонақасыдан соң Мориға қайтады.
  8. Осыдан ілгері Оспан Моридағы кезінде – Қалибек əкім, Тəкіман батыр, Оразбай би, Құсман қатарлы 40 неше адам Оспанға барып, батыр – біз қазір жаудың қоршауында қалдық. Қызыл Кеңес, Монғолия, қызыл Қытай жан-жақтан шабуылдап, елден, жерден айырылар болдық, қорған көрер Гоминдаңның түрі мынау, қайтеміз? Егер сіз лайық көрсеңіз елді осы жерге жиналық. Бұлармен соғыса қорғанып шетке шығып, күш жиналық, жағдай келгенде қайта келіп ел мен жерді алалық дегенде, Оспан: «Мен елден айырылғанда, ел менен айырылғанда күніміз не болар? Мен халық үшін соғыстым ғой, халықты тастап қашсам мен кім болғаным. Халық бетін қалай көрем? Мен кетпеймін. Осыдан кейін Оспан қызылдармен бірлесіп қалуды ойлап Жанымхан, Қалибек, Тəкіман, Оразбайлармен жиын ашып, халықты төңкеріске ұйымдастыру жоспарын жасады:

1) Жанымхан, Шаймардан, Оразбай – Санжы, Құтыби өңіріне

2) Қалибек, Тəкіман, Салис – Үрімжі, Санжы өңіріне

3) Оспан – Мори, Шонжы, Жемісар өңіріндегі елді төңкеріске шақырмақ болды.

  1. Бұған кедергі болғаны бүтін қытайды қызыл армия азат етті – Шыңжан гоминдаңы бейбіт бағынып кетті. Шыңжанға келе жатқан екінші дала армия генералы Лу Шауиды Баркөлдың Жетіқұдық деген жерінде Оспанның батыры Қапас атып өлтіреді де Уаң Жүн армиясын Оспанға қарсы соғысқа бұйырды. Бұлар екі рет жеңіліп, Үш Аймақтан көмек сұрады. Ақыры оған Монғолия қосылып 1800 адамдық қосын Оспанды жоғалтуға кірісті. 1950 жылы маусымдағы соғыста Оспан жеңіліп, мал-жан, қатын-баладан айырылып, 600 адаммен қашып Баркөлдің Бисəн тауына барды. Мұнда Ошақты деген тар сай, екі жағы жалама жартас – басы мен аяғы ғана ашық жол, ортасы бұлақ еді. Бірлескен армия Оспанды 1300 адаммен қоршады. Жанымхан төмен қарай қашып бара жатып қолға түсті де, сол жылы Жанымхан Үрімжіде атылды. Оспан 200 адаммен жоғары қарай соғысып қоршауды бұзып шықты. Бисəн тауының қалың орманын паналады. Оспан бірнеше күнде қосынын қайта ұйымдастырып, Уаң Жүнмен соғысып елін тартып алып, енді шетке кетпесе болмайды деген ойға келіп, Ганьсу, Шиңхайға баруды ойлады. Оспанның Қапас, Құрман, Кашапат, Қанатбай деген сарбаздары қашып Мори үкіметіне бағынып кетті ақыры.
  2. Оспан Ганьсуға қарай көшті – жолда Таралаң, Əншың өзенінде тосып жатқан қызыл əскермен соғысты (4–7). Нұрғожай суды тартып алды. 3 күн еру болды. Қапас пен Кашпат келіп қосылды. Одан кейін Тасбұлақ Шобы соғысы болды. Қапасқа оқ тиді.
  3. Оспан 1950 жылы қазанда Ганьсудың Ақсай ауданы, Қайыз дейтін теңіз деңгейінен 5000 метр биік тау басына қонды. Мұнда ителі Жанəбіл, сарбас Кəбен, жəдік Сағидолла деген ел басшылары, батыр келді деп қуанып ерулік əкелді. Оспан мұнда Қапасты емдету үшін, жол азық үшін артындағыларды тосты. Құсайын, Дəлелхан, Сұлтаншəріп, Алтынбектерге кете беріңдер – деп қалды. Үш рудың жырынды ұрылары Оспанның жинап қойған қаруларын ұрлады. Батыр ренжіп үш ру басшыларын əкеліп былай деді: «Шіркін, қазағым, мен сен үшін осыншалық азап тартып жүрсем неге түсінбейсің? Қаруды сұрасаң бермес пе едім, менен қытай да бір мылтық алып көрген жоқ. Бұл жау жағадан алғанда, бөрі болып етектен алғандық. Ел басшылары бір аптада мылтық жиналмаса, еліңді жау деп қырып кетем. Бұл – жауға көмек те, менімен жауласу деп білемін», – дейді.
  4. Осы үш ел ішінде жүрген бір дүңген Дуңхуаңда жатқан қызыл қытайға хабарлап қояды. Олар əлгі дүнгенге жеті түйе, пұл, шай артып, 8 əскерді саудагерше жасап, Оспан жатқан ауылды барлап, суретке түсіріп алады.
  5. 1950 жылы қаңтардың 18 күні таң қараңғысында ауылды 800 қызыл əскермен қоршап, шабуылға өтеді. Ешқандай дайындықсыз жатқан Оспан тек атына міне қашады. Кетіп бара 88 89 жатып, жау келді аттан деп айғайлайды. Қыс күні аты мұзға тайып жығылады. Қуып келе жатқан екі əскерді атқанмен автомат стволына оқ қыстырылып атылмай қалады. Осы кезде ертеден күзетке қойған жансыз Тоқанай деген келіп, Оспанды сыртынан құшақтап ұстап береді. 1951 жылы мамырдың 1-і күні Үрімжіде атылады.

Оспанның жеңілу себебі

  1. Əрқандай саяси қозғалыс қоғамдық жəне тарихи реалдық сипат алады, себебі болады. Осы бойынша айтқанда Оспан төңкерісінің жеңілу себебі 1949 жылы 1-ші қазанда Қытай қызыл үкіметі құрылып, Гоминдаң жеңіліп, Жиаң Кайши қашып Тайванға барған уақыт еді. Гоминдаңға сүйенген Оспан панасыз қалған кез.
  2. Оспан Қалибек, Тəкіман, Қамза, Құсайындардың шетке шегінерлік пікіріне қосылмай, қосынын сенімнен айырды да, өзінде 200 қазақ, 100 орыс қана қалып Уаң Жүнның қызыл армиясының, Кеңестік ұлттық армияның, Монғолия армиясының қоршап шабуылына төтеп беретін əскери қуаты жетпеді.
  3. Оспан Америка консулының жəрдеміне сеніп, жəне Қайызда інісі Қапасқа бола еру кезінде мылтығын ұрылардың ұрлаған жайты да себеп болды. Əйтпегенде Құсайын, Салағиден, Солтаншəріппен бірге өтсе өтіп кетер еді. «Құс жаңылып торға түседі, ер жаңылып қолға түседі» екен.

Сөз соңы

  1. Ежелден қазақ жері Қазақстан ғана емес, шығыста Қытайдың Ганьсу өлкесіндегі Дуң Хуаң, Силəнсəн (Аталай) Алтай, Гималайдан Тарым ойпаты, Алатауға дейінгі аралықта қазақтың Үйсін ханы, Елжау хан жаңа эрадан бұрынғы I-II ғасырларда хандық мемлекет құрған қазақтың бұл да ата мекені екенін ұмытпаған жөн. (Мұны қытай тарихшысы Су Бихайдың «Қазақ мəдениетінің тарихы» деген кітабынан қараңыз).
  2. Қытай қазақтары десе Қазақстаннан қашып барған қазақтар ғана деп ұғынбау керек. Қазіргі Қытайдағы қазақтар отырықтасқан Ақсай, Алтай, Тарбағатай, Іле, Баркөл, Құмыл, Мори, Шонжы, Шитай, Құтыби, Хүйтэн, Бортал – түгелімен қазақтың ата қонысы, байырғы мекені.
  3. Оспан ішкі-сыртқы жаулармен 12 жыл соғысып, көзінің қарашығындай аялап қорғаған отаны осы жер. Гоминдаң отаршылары мен Совет социалистік империализмнің отаршыларына қарсы қазақтың ар-намысы, тəуелсіздігі, теңдігі, азаттығы үшін Оспан қасықтай қанын, шыбындай жанын арнап, қазақ халқының қаhарманының шейт болғаны осы жер – əйтпегенде Оспан Қазақстан тəуелсіздігін əперген жоқ.

Түйені соқыр десең Құнанбайға тиеді, орысты отаршыл десең қытайға тиеді. Біз танып жетпеген үш нəрсе бар:

  1. Совет социалистік империализмінің қазақты отарлағанын танып жеткен жоқпыз.
  2. Қазақстанның тəуелсіздігін аспаннан түскендей тəуелсіздіктің қадір-қасиетін танып жеткен жоқпыз.
  3. Қазақтың тəуелсіздігі үшін құрбан болған алаш ардагерлерін жəне Оспанды тіпті де танып жеткен жоқ. Тек Оспанды айтсақ, орыс отаршылдығын 1945 жылдан бері танып жеткенінне 55 жыл болды. Бұл жарты ғасыр ғой, біз өзіміздіөзіміз танып жетпедік. Əлемде бір қазақ жасайтын болса, Оспан да оның жүрегінде мəңгі жасайды. Біз өзіміз де Оспандай батырымызбен əлемге мақтанатын боламыз.

Тарихта мыңдап жауды жалғыз тосқан,

Мəңгі өлмейді халықпен қанын қосқан.

Отан мен ұлт сүюдің өнегесі –

Қазақпен бірге жасар батыр Оспан.

 

Тарихта сан мың жауды жалғыз тосқан,

Ерлігін ақын жырлап жазған дастан.

Мəңгі өлмейді халықпен қанын қосқан,

Қазақтың мақтанышы батыр Оспан!

 

Ғазез РАЙЫС,

 М.О. Əуезов атындағы

Əдебиет жəне өнер институтының

əдебиеттану бөлімінің

 аға зерттеушісі, доцент. Алматы

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*