Руханият

Шағатай тілі

d3ea35f8-173e-4d9c-bce9-211a3eef5564

Шағатай тілі (جغتای — Жағатой; ұйғ. چاغاتاي — Чағатай; өз. ﭼىﻐﺎتويChigʻatoy) — бір кездері Орталық Азияда кең таралған, қазір өлі тілге айналған түркі тілі. «Шағатай» сөзі Шағатай ұлысының атынан келіп шыққан. Шағатай хандығы Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ханның атымен аталған. Осы тілде сөйлеген көптеген Шағатай түріктері мен татарлар өздерін Шағатайдың ұрпақтарына жатқызған.[1]

Шағатай тілі Араб әліпбиін пайдаланған өте дамыған мәдени тіл болған. Оның сөз қорында араб және парсы тілдерінен кірген сөздер өте көп болған. Сонымен бірге оған көшпенді түркілердің тілі де қатты ықпал еткен. Сол себепті шағатай тілі Орталық Азияның халықаралық тілі ретінде қолданылған. Шағатай тілінің тарихын үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Бастапқы шағатай кезеңі 1400—1465
  2. Классикалық шағатай кезеңі 1465—1600
  3. Кейінгі шағатай кезеңі 1600—1921

Бастапқы шағатай кезеңінде тілдің морфологиясында көне жалғаулар көп ұшырасады. Класикалық кезеңі Мір Әлішер Науаидың алғашқы диуанының жарыққа шығуымен басталады, әрі шағатай тілінің гүлденуі осы кезеңнің тұсында болады. Үшінші кезеңде шағатай тілінің дамуы екі жолмен жүре бастайды: біріншісі Науаидың классикалық тілін сақтап қалуға тырысу болса, екінші жолы жаңа түркі тілдерінің ықпалын қабылдап даму болды.

Шағатай тілінің гүлденуі Ақсақ Темір әулетінің кезінде орын алады. Ақсақ Темірдің өзінің өмірбаяны мен оның ұрпағы, Моғол империясының негізін қалаушы Бабырдың атақты Бабырнамасы шағатай түркі тілінде жазылған. 20-шы ғасырдың басында кеңес үкіметінің Орталық Азияда жүргізген өзгерістеріне дейін шағатай тілі жалпыға бірдей әдеби тілі болып қала берді.

Қазіргі түркі тілдерінің ішіндегі шағатай тіліне ең жақындары — өзбек және ұйғыр тілдері. Ал өзбектер тіпті өзбек тілі тікелей шағатай тілінен өрбіген, ал шағатай әдебиеті өзбек әдебиетінің бір бөлігі деп қарастырады. 1921 жылдан бастап Өзбекістанда шағатай тілінің орнына өзбек тілі (сол кезде қыпшақ диалектілерінің негізінде) қолданыла бастаған. Берендек атты ортағасырлық көшпелі халықтың тілі де зерттей келе шағатай тілі болып шықты.

Ethnologue тізімінің дерегі бойынша, Ауғаныстанда қолданылатын «шағатай тілі» түрікмен тілінің «теке» тайпасы диалектінің аты болып шықты. Орталық Азияның басқа жерлеріндегідей, Түрікменстанда да шағатай тілі әдеби тіл ретінде 18-ші ғасырдың аяғына дейін қолданылып, түрікмен тіліне ықпал етіп келді. Бірақ екі тіл түркі тілдерінің екі басқа тармақтарына жататындықтан, олардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар.


1 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*