«1973 жылы Ұлан-Батырда археологтардың жиынына Қазақстаннан Әлкей Марғұлан келе жатыр деген соң аңдып жүріп аэропортқа бардым. Студентпін. Нелер қасқа жайсаңдардар күтіп алды, арасында шапқылап мен жүрмін. Бес жұлдызды «Ұлан-Батыр» қонақ үйге келіп орналасты. Жанында түркіменнің Атағараев деген ғалымы бар. Бір апта бірге болдым.
Қорғағалы жатқан диплом жұмысым жайлы ақыл, кеңес сұрадым. Кетерінде «Маған ерекшелеп не айтасыз?» дедім. Сен бақытты қазақсың – деді, – Осы ескерткіштерді көруді бізге бұйыртпай тұр. Әрбір барғаныңда ерінбей қайта-қайта көшіре бер, көшіре бер деп тапсырды. Самолетке отырғызып жібердім. Келе жатып ойлап қоям: «Әлекең алжыған шығар, онсыз да сан рет қайталап көшіріп алдым, қайта-қайта көшірген де май шыға ма». Бір күні барып тағы көшіріп келдім. Отырдым да алғашқы екі көшірмені салғастырып көрсем, тіпті біріне бірі ұқсамайды. Таң қалдым. Жынданған шығармын. Қайта барып көшіріп келсем, оным тағы бөлек. Содан алты, жетінші рет көшіргендерім бір біріне ұқсай бастады. Адамның көзі үйрену керек екен.»
Қаржаубай Сартқожа түрколог ғалым
http://bmtv.kz/kz/entsiklopediya/bilgenge-marzhan/item/17845-k-shire-ber-k-shire-ber