Руханият

Үндістан, Иран, Ауғанстан қазақтарының қоныстану тарихы

Қазақ диаспорасының Үндістанға таралуы Қытайдағы оқиғаларға байланысты болды. XX ғ. 30-жылдарында Шыңжаңда хань ұлтынан өзге халықтарды ұлттық және діни жағынан кемсіту күшейе түседі. Аз ұлт өкілдері, оның ішінде, қазақтар да, көтеріліске шығады.

1936ж. 18 мың қазақтың Барколден Цинхайға миграциясы басталды. 1 мыңға жуық отбасы Баркөлде қалып, Алтайға қайта оралды. 1938ж. 500 қазақ отбасы Моңғолияға кетті және 5 мың қазақ Тибеттен өтіп, Үндістанда қоныстануды шешті. 1940ж. қыркүйегінде 5 мың қазақ Тибетке жетіп, бір жылдан астам уақыт Тибет руларымен соғысты. Тибетте суықтан, аштықтан, қарлы аурудан жөне мейірімсіз тибеттердің оқтарынан 2 мыңға жуық қазақ көз жұмды. Қалған 1000 отбасы немесе 3039 адам 1941жылдың қыркүйегінде Үндістанның шекарасында орналасқан Демчок деген жерге келіп жетті. 18 мыңдай қазақтар Алтайдан Ганьсу мен Синхайға жер аударылды немесе өздері қашып барды. 4 мыңдай қазақтар оңтүстікке қарай жылжуды жалғастырып, тибеттіктермен соғыса жүріп, 1 жылдан аса көшкен ел 1941 ж. Гималай арқылы Үндістанның Кәшмір қаласына жетті, көп адамдар жолда мерт болды. Бұл босқындар Үндістандағы қазақтардың алғашқы ірі толқыны болды.1942ж. сәуірінде Британдық Үкімет қазақтарды Равалпиндидің қасындағы Тернава ауылына жүк көліктерімен әкелді. Музаффер Абадед лагерінде басталған жұқпалы аурулар қазақтардың Тернавада да соңынан қалған жоқ. Аурудың кесірінен күн сайын 15-20 адамға дейін көз жұматын. Қашқындардың саны бір жыл көлемінде 3 мыңнан 1,200 адамға дейін қысқарды.

            1943ж. наурызында қазақтарға Тернавадан кетуге рұқсат берілді. 450 қазақ Орталық Үндістанда орналасқан Бхопал жеріне кетгі.

2 жыл көлемінде қазақтар Бхопалда тұрды, кейінірек бұл ауданға Қазақбат деген ат берілді. Бхопалда қазақтарға «Қазақ орталығын» ашуға рұқсат берілді.

1944ж. қазақтар топтасып Дели, Калькутта қалаларына көше бастады. 1948ж. қазақтар бұл қалалардан кетуге мәжбүр болып, Пәкістанға – жаңа мұсылмандық мемлекетке көшті.

            1944 ж. Шыңжаңға гоминдан әскері енгізілді. Бұл жерде қалған қазақтар тағы да бас сауғалауға кірісті: олардың бір бөлігі (27164 адамды құрайтын 5.128 отбасы) уақытша паналау үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағына өтті. 1949 ж. Қытайда билік басына коммунистік партия келеді. 1949—50 жж. күзі мен қысында қазақтар қытайлық коммунистермен келіссөз жүргізіп, діни бостандық, көшпелі өмір салтын сақтау және Шыңжаңда еркін кешіп-қонуға рұқсат ету кепілдіктері мәселесін талқылады. 1950 ж. 28 наурызда Баркөл ауданында қазақтар құрылтайы болып өтті, онда Шыңжаң қазақтарының бұдан былайғы тағдыры сөз болды: туған жерді тастап, жақындарының өмірін сақтап қалу керек пе, өлде тең емес шайқаста айқасып өлу керек пе? Көпшілігі Үндістан бағытында жылжуды жалғастыру керек деп шешті. Олар Тибет өлкесіндегі Гималай таулары арқылы 2 мың шақырым жерді жаяу азаппен жүріп өтті. 1951 ж. тамыз айында босқындар үш топ болып Үндістан шекарасына жетті. Бұл Кәшмірге келген қазақтардың екінші толқыны болатын. Бір айға созылған келіссөзден кейін қазақтар Үндістанға енгізілді. Алайда көп ұзамай Үндістанның төуелсіздік алуына байланысты қазақтар тағы да қиыншылыққа ұшырады. Тілі мен діні басқа елде күн көру оңайға түспеді. Олар мұсылман болғандықтан, жаңа құрылған мұсылман мемлекеті Пәкстанға көшуге мәжбүр болды. Мұнда қазақтар қорғансыз кедейлік жағдайында өмір сүрді. Қытайға қайта оралар жолдары кесілген, Пәкстанда тұрақтап тұра алмай, азаматтық алу қиындық тудырып, болашақ күмәнді болғандықтан, қазақтар түпкілікті қоныс табу мәселесіне қайта    айналып    оралды.    1951    ж.    қазан    айында    Пешаварда    “Қазақ босқындардың   шығыстүркістандық ассоциациясы”   құрылып,   қазақтарды Түркияға эмиграциялау мәселесімен айналыса бастады. 1952 ж.13 наурызда Туркияның   министрлер   кабинеті   N3/14   595   немірлі   шешім   қабылдап, шығыстүркістаңдық қазақ босқындарының Үндістаннан, Пәкстаннан және Сауд Арабиясынан келуіне рұқсат етті.

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*