Әдебиет

Бүгін ақын Мұрат Шаймаранның 50 жасқа толған туған күні

Бүгін Тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің ірі әрі көрнекті өкілдерінің бірі Мұрат Шаймаранның 50 жасқа толған мерейлі туған күні.

Шайыр, ұстаз, абзал аға, асыл жар, ардақты әке… Мұрат Шаймаран шығармашылығы поэзияға құмартқан қауымға шығыс даласының кең төсінде табиғат шарапатына шомылып шалқая, өмір нәрін, жыр сусынын сімірген  шайырдай күй кештіреді. Шаймарандық көркем эстетикаға бір сүңгіген жан шайырдың шәрбат жырларын өзге шырыннан бірден ажыратарып, жазбай танитыны хақ. Жауһар жыр жолындағы азапты ақиқат үшін арқалай жүріп, шалқар шабыт иесі Тәңірдің әр жаратылысынан «Өлең» деген құдіретті көреді. Шайыр әлемі поэзияны сүйіп оқитын қауымға қазақ даласының кең төсінде табиғат шуағына шомылып, өмір нәрін, жыр сусынын сімірген шайырдың күйін сездіреді. Ақын жырларындағы көркем эстетикаға бойлаған адам оның қолтаңбасын басқа ақындардан бірден ажыратып, жазбай таныры хақ.  Мұраттың көркемдік мұраты – әсемдікті көре білу қасиеті оның оқырмандарына да дарып, жыр арқылы жүректерге жол табады. Ақынның тіл байлығы, жырларының көркемдік қуаты қазақ поэзиясына соны леп әкелген шығыстың самалындай жанға жағымды. «Түнгі сарын», «Еркін аспан өлеңі» атты    кітаптарының авторы.

Хабарландыру: 29 қараша ақынның 50 жас мерейтойына орай Қазақстан Жазушылар одағында «Жасыл түн» жыр жинағының тұсаукесері өтпек. Барша жырсүйер қауымды «Талпынған шалғайға шайырдың жаны құс» мерекелік кешіне шақырамыз.

Өмірдерек

Мұрат Шаймаран 1969 жылы ҚХР Үрімжі қаласында дүниеге келген. 1988 жылдан 1993 жылға дейін ҚХР, ШУАР Іле педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқыған. 1993 жылы ҚХР, ШУАР «Күйтін газетінде» бас редактор болып қызмет атқарған. 1996 жылдан 1998-ші жылға дейін ҚХР, Нәнжин қаласында Қытай Халық университетінің журналистика институтында (сырттай) магистрант бөлімінде оқыған. 2000 жылы ҚХР, ШУАР журналистер одағы тарапынан «Үздік әдеби редактор» мәртебесіне ие болған. 2004 жылы атамекені – Қазақстанға бір жола қоныс аударған. Шаймаран Мұрат 2006 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультеті халықаралық журналистика кафдрасында оқытушы, 2008 жылдан 2010 жылға дейін факультет деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Оның журналистика саласындағы тәжірибесі мол.

“The Qazaq Times” 

Теги: , , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*