Әдебиет

ЖЕҢІС ҚАНЕН: ӨМІРДІҢ ЗАҢЫ

Жеңіс Қаненұлы 1979 жылы дүниеге келген. “Тыныштық”, “Түн тұңғиғындағы жарық” жыр кітаптары авторы. Жетісу ақындар антологиясы “Тау мен өзен жырлары”, “Сезім тамшылары”” Көсеге” сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Әлем халқтары жазушылар одағының, Таңжарық қоғамдық қорының мүшесі. ӘХЖО жағынан М, Жұмабайев атындағы халықаралық жастар әдеби сыйлығы берілген. Түрлі әдеби басылымдарда, интернеттік сайттарда өлеңдері жаряланып келеді.

ӨМІРДІҢ ЗАҢЫ

Ақша бұлт та аспандағы,
Ебін тапсаң болады өлең.
Екі маска тақсаңдағы,
Тынстайсың сол ауамен.

Қызуы мол сәулені еміп,
Жатқан жердің құты бардай.
Жүргеның сол әуреленіп,
Сол бір ойдан құтыла алмай…

Орындалмас арман мәңгі,
Әуіре болып нақғыласың.
Ұмыт болып қалған жанды,
Кейде іздейсің, сағынасың.

Тіліңнен бал төгілгенде,
Мақсатыңа жеттің ептеп.
Кейде бейбіт өмірден де
Жалығасың, жоқты көксеп.

Бой кернеген қуат бізді
Бастар жынның жолыменде.
Адамдағы тұрқсыздық,
Бақытты ма, соры ма әлде?!

БІР ТІЛКІМ БҰЛТ ЖОҚ

Бір тілкім бұлт жоқ қайғы аспанында,
Үңірейген үрейдің араны ашылып.
Қара тау жантайып жайғасқанында,
Шынтағына қалыпты дала басылып .

Ақ киіз сынды шексіздік жазылған,
Шыққан әжелер ақ білегінен.
Қорқыттың көріндей- тексіздік, қазылған…
Сапарына өмірдің сәт тіледім мен!

Сәулелер жамырап саусағын созады,
Жаңа гүл ашқан менің жаныма.
Тұлпарын қамшылап аңсарым қозады,
Сүйінем ортаймас сенім барына.

Бөлмеме құйылып нұр елжырейді,
Жарқыраған ғажап түн әйнегінен.
Жалғыз нүкте қып жіберді үрейді,
Шашылған ұшқын Құдай демінен…

АҚИҚАТ

Ақиқатын өзінің Алла баяндап…
Түйсігім ұйқтап қалған оянбақ.
Қара түннің теңізін кешіп,
Келіп жеттік таңға да аяңдап.

Заманның бет бұрып қиыс көшінен…
(Сақтануға отым тиісті өшуден.)
Тірлік етемін күн қойнын ақтарып,
Шашылыпты соған ырыс, несібем.

Үйір ғой адам баласы әуреге,
Оранған сәтте дала сәлдеге;
Тыңдаймын үнсіз жүрек дүрсілін,
Көкірегімді жуып таза… сәулеге…

Айтылмай тілек, арыздар қалды,
Қадірлеймін қадалған ғазиз жанарды.
Көріп пе едіңдер дәл мына мендей,
Рахым нұрына қарыздар жанды?!

Тіршілік орнында тұрып арбасын,
Қызығын оған бұрылар басым.
Кейде даңғыл, кейде күдірмен,
Сүйреп келемін ғұмыр арбасын.

Көкірегімді ізгі өлең қамалап,
Жолдасым болып келем қанағат.
Қай жерге ырыздық дәні шашылад,
Барады доп – басым соған домалап.

Сөз айтқан досым түзеліп төрде,
Еліктірмесін қыз – елік кеуде…
Шексіз де ғажап әлемді көрем,
Жайнамаз алдына тізе бүккенде.

Жарқыратып көрсетсе Ай, Күнін кеудем,
Қазығын суырып қайғының жерден.
Раббіма сансыз шүкірлік айтам,
Жаныма иман байлығын берген.

ҚАРА ТҮН

Ақырын келіп жетті түн аяңдап,
Ол қайтып бізге бірден ұнай алмақ?!
Қонады құстай ұшып қараңғылық,
Қойған бір тұғырына Құдай арнап.

Ішімнен сезінем де түн тынсын,
Төсеймін көкірегімді жылту үшін.
Жанымнан бір жақсы орын даярлаймын,
Ойымда ойнап жүрген сылқым үшін!

Қарайды бұлт ішінен Ай сығалап,
Мен оған отырамын қарсы қарап.
Сөрғалап ізгіліктің ақ сәулесі,
Жанымды кірбеңдіктен аршып алад(ы).

Егіз бе сылқым түн мен сылқым сұлу,
Қиын-ау шегіне оның, мүмкін, шығу?
Он есе сағынышыңды ауырлатар,
Ішіңнен сол қызды ойлап бір күрсіну…

Жарқырап шықты аспанға күні түннің,
(Мен оған жолға қойған бір үтірмін!)
Қоямын қорғасындай түнге қарап,
Ып-ыстық демін сезіп үмітімнің…

АЛАТАУ

Ала сауыт киінген,
Алатаудың қойынына кірдім мен.
Бір күнім қымбат бір күннен,
Қуаттарын толықтаймын жырдың кем.

Дюдің қырық жаны бар,
О, қайсар Өлеңім,
Дәніңді қайда себемін?
Жанымның табам мен емін,
Алатаудың самалыменен жамырар.

Балғын тәнімде шапшыған қан бар басым,
Толтырамын сабаз жырадың арнасын.
Еліреді елік – көңілім жайлауда,
Алатаудың ақ батасын алғасын.
Қас-Сақтар сақтап қалған өңірде,
Ұлың бүгін аунасын!

Алатауым, қойыныңа кіргенім,
Қопарып сыр алғаным.
Тағдырыңа Қосақтаулы таңдарым.
Сеның қойныңды кезіп жүр,
Тоғанақ-тоғанақ алтын артқан нарларым.
Күміспенен күптелгенін іргеңнің,
Жаным менің сезіп тұр…

Алатауым, саған бүгін тіленем,
Арнап тұрып ат басындай бір өлең.
Тас бастауға бас қойып,
Тас қойныңнан сыр емем.

Шырылдайды шіи түбінде қалған жан,
Бала талдан қарманған.
Ғұмыр бойы ғашықтығым,
Алатау,
Бір өзіңе арналған.

Мейірімің – сенің мөлдір тұнығың,
Жартасыңа жаңғыра алмай жүр үнім.
Өгей көре қалмассың деп сенемін,
Ұлы Еренқабырғаның бір ұлын!

КЕЗДЕРІМДЕ АТҚА МІНГЕН

Кездерымде шоқтықты атқа мінген,
Тілдескендей күй кешем Хақ Тәңірмен.
Алты таспа қамшымды екі бүктеп,
Айғайлағым келеді жатқа бірден…

Ат үстінде тоз-тоз боп осалдығым,
Қарғып тұсып қасымнан қашар мұңым.
Арда еміп есейген тай-құлындай,
Өзі-ақ іздеп табады асаулғым!

Тіс арасы келеді шырт түкіргім,
Үзеңгімді шіреніп мықты тұрмын.
Жалын тартқан сәтімде-ақ жүйірігімнің,
Қиял ұшып басына шықты шыңның!

Дұспан мінін танымай, дос айыбын,
Бітпес, біздің тіршілік осы-ай інім.
Екіленіп еңселі ерге қонам,
Мықтап тартып атымның қос айылын.

Кездерімде жорға, жүйрік атқа мінген,
Дүр сілкінеді жым-жылас жатқан іргем.
Беті қайтпас жаужүрек Қазақ болам,
Бірақ, күдер үзбеймін Хақ Тәңірден.

ҚЫЗҒЫШ ОЙ

Әдемі дидарыңды нұр аймалап,
Сен маған тұрып едің сынай қарап.
Табаныңның астында жер таңырқап,
Қыр асып келе жатып күн ойланад(і)?!

Жел ынтық сенің жүріс-тұрысыңа,
Тілегін ту қып іледі түн ұшына…
Ынтызарлық көңілмен мен де жеттім,
Тұлпарым тұяғынан жыр ұшыра!

Сәл ғана езу тартып жімиісің,
Жете ме ғұмыр бойы сүю үшін?
Аспан да мөлдіретеді көкшіл көзін,
жандағы жасыра алмай сүйінішін.

Бір маған бақталас боп барлық ғалам,
Секілді-ау қадамымды мандытпаған.
Айналдым сендегі пәк сұлулықтан,
Ешқашан қарашығын қалғытпаған!

Ұзатып түнді алысқа, таңды қарсы әп,
Күзетіп, қандай ыстық, қалғыған шақ.
Жөңкілген бұлақ, тынбай аққан озен,
Тұрғандай бір сен үшін барлығы ән сап.

Табылмай жан лебізің тұрған емге,
Алғым бар сені құйып тура өлеңге.
Бір жұтым жұтып сенің жұпарыңнан,
Жүре бергім келеді Нұрлы Әлемде…

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*