Руханият

Ақыт Үлімжіұлының 1882 жылы жазылған қолжазбасы табылды

Мәдени сенсация, Ақыт Үлімжіұлының “Пайғамбарлар тарихы” атты 1882 жылы жазылған өз қолжазбасы табылды. Халиолла Нұртазаұлы ақсақалдың қолында сақталған қолжазба Ақыт қажының осы уақытқа дейін сақталған бірден-бір қолжазбасы болып отыр. Халиолла Нұртазаұлының айтуынша қолжазба бұл кісінің қолына 1990 жылдардың басына түскен. Халық арасынан мәдени мұраларды жинау мекемесінде қызмет атқарған Халиолла ақсақалдың қолына кездейсоқ түскен қолжазба туралы ақсақалдың өзі айтты.

mmexport1392614945873 mmexport1392614951112

Естеріңізге сала кетейік, Ақыт Үлімжіұлының 1891-1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан «Жиһанша», «Ахиретбаян», «Сәйпілмүлік – Жамал» дастандары, «Абият ғақидия», «Сейітбаттал Ғазы», «Ишан Махмұд» аталатын кітаптары бірнеше рет жарық көрген. Оның шығармалары «А. Алтайский» деген бүркеншік атпен «Айқап» журналына да жарияланып тұрған. Ақыт Үлімжіұлы 1939 жылдарыШынжаңдағы Ұлт-азаттық қозғалысының белді қайраткерлерінің бірі болғандығы және ағартушылық қызметпен шұғылданғаны үшін сол кездегі Го миндаң үкіметі жағынан тұтқындалып, 1940 жылы түрмедегі ауыр қинау үстінде азаппен өмірден озған.

mmexport1392614954552 mmexport1392614958383

Алдаға уақытта Х.Нұртазаұлымен болған сұқбатта бұл жаңалық туралы кеңінен тоқталып, айтатын боламыз.

Автор: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Халиолла Нұртазаұлының жеке мұрағатынан

Дереккөз: Массагет сайты


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*