Жасөспірімдер арасында шахматтан төрт рет әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік бірінші рет биыл 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем біріншілігіне қатысуда,-деп хабарлайды Sports.kz сайты caravan.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Жарыс күзде өтеді. Жансаяның әкесі әрі жаттықтырушысы Данияр Әшіровтың айтуына қарағанда, шахматшының мақсаты алдыңғы үштікке ілігу көрінеді.
«Біз алдыңғы үштіктен көрудің қиын екенін түсінеміз. Алайда қызыма міндеттің қиын болғаны жақсы», – дейді Д.Әшіров.