Жаңалықтар

Бүгін қазақстандықтар метеорит жаңбырын тамашалай алады

 

 

11-нен 12-ші тамызға қараған түні қазақстандықтар Персей жұлдыздар шоғырынан метеорлы ағынды тамашалауға мүмкіндіктері бар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ай және ғаламшарлар астрофизикалық институты зертханасының басшысы Виктор Тейфель мәлім етті.

Ғалымның айтуынша, бұл ерекше құбылысты ешқандай құрал көмегінсіз тамашалап, суретке де түсіріп алуға да болады. “Ол Қазақстанның барлық аймақтарынан бірдей көрінеді. Алайда метеорлар ағынын үлкен ғимараттары жоқ қаладан тыс жерде көру әлдеқайда әсерлірек”,-дейді ғалым. Оны тамашалауға жасанды кедергілерден бөлек қолайсыз ауа-райы да тосқауыл болуы мүмкін. Сондықтан бұл керемет көріністі тек бұлтсыз, ашық аспан аясында анығырақ көрінеді. 

Ең жарық метеориттер түңгі сағат 00.00-ден кейін байқалады . Ал олардың көпшілігі шығыс жақтан көрінеді деп күтілуде.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*