Қазақстандық деректі кино режиссері Қалила Омаров Кенесары ханның басы қайда екенін топшылайды. Ол бұл құпияны өзінің ұлымен бірге түсіретін жаңа картинасында айтып бермекші, деп жазады «Экспресс-К» газеті.
Қалила Кенесары хан жөнінде фильм түсіретін алғашқы режиссер емес. Ол туралы лентаны Жаңабек Жетіруов пен Марат Қоңыров та түсірген, дегенмен Омаровтар бұл жайтқа тереңірек үңілмек.
«Қазақ халқының өкілдері арасында Кенесары жөніндегі пікірлер әрқалай, біреулер оны бостандық үшін күрескен ұлы хан деп санайды, екіншілері басқаша ұстанымда»., – дейді режиссер.
Омаровтың айтуынша, жаңа картинада қазақстандық, ресейлік және қырғыз зерттеушілерінің көзқарасы ұсынылады. Материалдарды іздестіру үшн түсіру тобы Кенесарының ордасы орналасқан жерде болды, сондай-ақ орынборлық, мәскеулік және астаналық мұрағаттарды ақтарды. Енді кинематографистер қазақ ханы жөнінде диссертация қорғаған Барнаул ғалымымен әңгімелеспек.
Сонымен қатар Қалила Омаров Мәскеу мемлекеттік театр және өнер институтының түлегі, белгілі қазақстандық өнертанушы Әшірбек Сығай туралы фильмді қолға алды. Ә.Сығайдың театр әлеміне ықпалын Эдвард Разинскиймен салыстыруға болады. Ол елімізде ғана емес, шетелдерде де жақсы танымал. Осы адамның бірегей тағдыры арқылы режиссер қазақ театрының дамуы тарихын көрсетпек.
«Бұл адам жайлы мәліметтерді мен он жылдай жинастырдым, – дейді Қалила Омаров – Өкінішке қарай барлық материалдарды бір фильмге сыйғызу мүмкін емес, дегенмен олар ескерусіз қалмайды. Мен Әшірбек Сығай туралы кітап жазбақпын».
Режиссер фильмді таяу уақытта аяқтап шықпақ.
“ҚазАқпарат”