Айман НАЙЗАБАЕВА
Зерттеу нысанына алынып отырған М.Мағауиннің «Жармақ» романындағы макроконцептіні анықтап алмақпыз. Романдағы өзінің қолданылу жиілігімен де, жеке мәндік белгілерімен де ядролық өрісі кең қолданыстардың қатарынан орын алған «Қазақ» концептісін бөліп айта аламыз.
«Қазақ» макроконцептісі. М.Мағауиннің «Жармақ» романындағыөзекті когнитивті бірлік – біздің пайымдауымызша, «қазақ»концептісі. Қазақ туралы танымдық ақпарат МЕН/ОЛантипозициялық контексінде айқындалады. Мен – бұл жердеқазақтың өзін-өзі бағалауы. Ол – қарсы жақ, қазақ үшін жат, тіптіқас, жау болып есептелетін қазақ халқының өз ішінен шыққан«жарымжан жармақтар». М.Мағауиннің «Жармақ» романында қазақконцептісінің МЕН/ОЛ контексінде сипатталуын арнайы дискурснегізінде талдап көрсетеміз.
«Қазақ» концептісі «Мен» контексінде: |
«Қазақ» концептісі «Ол» контексінде: |
1. «Мен кірме емес, таза қазақпын, және атап көрсеттім, ешкімнің дауы жоқ, текті тұқымнан шықтым десем асылық емес».
2. «Мен орыс тілділердің бәрін, тіпті, жат жұрт атаулыны түгел “орысқа” жатқызам, қалай айтсаңыз да, қазақ емесі анық қой». 3. «Балжанның бойынан байсалды, қазақы сұлулық танылса, онымен жымия күліп, шүйіркелесіп сөйлесіп кеткен уыздай келіншек – бүгінгі заманның аруы еді». 4. «Мұнда, жалбағай жатақханада жатқан менің үлесіме ізгі ниет пен жарым жүрек қана қалған сияқты. Және… қазақы қан». 5. «Өз ел, өз жерінде отырған қазақ, байырғы мекенге соңғы жүз, жүз елу жылда, әсіресе, советтік заманда топырлай тоғытылған алпыс халықтың ішіндегі ең сорлысы, құқықсыз, панасыз, кемшіні ретінде, алдағы заманда да келімсек барлық жұрттың табанында жатуға тиіс сияқты». |
1.«Бүгінгі Қазақстан – орыс пен қазақтың ғана отаны емес. Тағы тоқсан ұлт бар».
2. «Батыс әлеміндегі өркениетті жұртқа Қазақстан деген – шартты географиялық атау, ал қазақтың өзі – ұлы орыс халқының жетекшілігімен қырық ру тексіз тайпалардан құралып, тарихтың бұралаң кезеңінде кездейсоқтан тәуелсіздік алған конгломерат, баяғы, өзгеше құрылықты игеру кезеңіндегі отарлық Вест-Индияның артта қалған, жабайы бір көрінісі, болашақтағы еуро-азиялық жаңа, дүбара халықтың әуелгі шата-шатпақ нұсқасы болып көрінген». 3. «Отқа айдасаң, боққа қашады, түнек шыңырауға, қараңғы көрге ұмтылады, және сені өзімен бірге ала кетпек. Жоқ, мен тойып біткем сенің қазағыңа». 4. «Қазақ – күні кеше ғана бой көтерген басқа бір жұрт. Артта қалған, жабайы. Өзіндік территориясы, меншікті шекарасы, мемлекеттік құрылымы болмады».
|
«Мен» контексі авторлық баяндауларда, сондай-ақ, Мұраттың ішкі монологы түрінде беріледі. «Мен» контексіндегі қазақтың мінездемесін «кірме емес, таза», «текті тұқымнан шыққан», «қазақы қаны қалған», «қазақы сұлулық иесі», «байсалды», «панасыз», «құқықсыз сорлы» оралымдары арқылы айқындалып, контекстің жалпы мағыналық астарында ашыла түседі.
Жоғарыдағы контекстен қазақтың мына мінездемесі шығады: қазақ тегі өте мықты, қаны таза, мінезі сабырлы, бойына даланың сұлулығын жиған көркем, рухты халық. Әйтсе де, автор өзінің осы артықшылықтарымен қатар, құқын білмейтін, білсе де күйттей бермейтін алаңғасар, жұртқа еліктегіш, дарақылау қасиетін перзент көзімен көре отырып, кемшілігін де баса айтады. Бұл – қазақтың өзін-өзі бағалауы.
Қазақтың осы мінездемесі «Ол» контексінде мүлде қарама-қарсы сипатта бағаланады: «отқа айдасаң, боққа қашатын, түнек шыңырауға, көрге ұмтылатын» қараңғы, надан; «тексіз тайпалардан құралған жабайы, дүбара, шатпақ», «территориясы жоқ, мемлекеттік құрылымы болмаған, артта қалған халық» болып көрінеді.
«Қазақ» концептісінің концептуалды кеңістігінде осы концептінің табиғатын ашатын бірнеше ментальды бірліктердің кездесетінін анықтадық. Солардың бірі – ұлтсыздық ментальді бірлігі.
«Ұлтсыздық» ментальді бірлігі.
М.Мағауиннің концептуалды әлемінде бірқатар концептілер субьективтік дүниетаным нәтижесі ретінде жүйеленген. «Ұлтсыздық» концептісінің мәні әр халыққа ортақ универсалды категорияларға жатқызыла бермейтіні аян. Әдетте белгілі бір этномәдениетке тән лингвомәдени ерекшеліктер сол социумның дүниетанымдық бітімін айқындар ментальды бірлік қатарында белгіленеді. Мағауин шығармасының концептілік жүйесі жеке мәтіннен, яғни жазушы Мағауиннің таным дүниесінен туып, оның өз сана тәжірибесінің қорытындысы деп бағалануы тиіс.
М.Мағауиннің тілдік тұлғасында жиі қолданылған лексикалық бірліктің бірі – ұлтсыздық концептісі. Сөздіктегі мағынасына қарағанда ұлтсыздық семантикасының лингвофилософиялық мәні жазушының тілдік тұлғасында тереңдей түседі.
«Ұлтсыздық» концептісі М.Мағауиннің дискурсында өзінің тақырыптық өрісін кеңейтіп, трансформацияға түседі немесе қайта жаңғырудан өтеді. Ол мынандай лексика-семантикалық топтарға жүйеленеді
Ұлтсыздық дерт
ЖҰҒАДЫ
ҚАЛЫПТАНАДЫ
ЖАЗЫЛМАЙДЫ
АСҚЫНАДЫ
І. «Ұлтсыздық –дерт» когнитивтік моделі. Мысалы:
а) «Күтпеген, көлденеңнен сыйға тартылған Тәуелсіздік деген айнадан нақты көрініп тұр – ұлы денең жазылмас сырқатқаұшыраған. Ұлтсыздық деген».
ә) «Сауықтым деп шамаладым. Жоқ, дертіме дерт қосыппын.Ешқашан оңалмас, қайтсе де жазылмас».
Демек, М.Мағауиннің когнитивтік санасындағы ұлтсыздық бірлігі ешқашан жазылмайтын сырқатпен өлшенеді. Ұлтсыздық концептісі мәтін кеңістігінде одан әрі өзектене түседі.
Ұлтсыздық-қасиетсіздік
АДАМДЫҚТАН АЙЫРАДЫ
ҰЛТТЫҚ САНАДАН АЖЫРАТАДЫ
ҰЛТТЫҚ СЕЗІМНЕН АДА ҚЫЛАДЫ
ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДЫ ЖОЯДЫ
ІІ. «Ұлтсыздық – қасиетсіздік» когнитивтік моделі. Мысалмен дәлелдейік: «Ұлтсыздық – ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлттық танымның жоқтығы ғана емес. Адамдық кептен айрылу, қасиетсіздік деген сөз. Қазақ халқының ұғымында қасиетсіздік деген ұғым ең ауыр баламалардың қатарына жатқызылады. Қоғамның өзекті проблемасын ашып көрсету мақсатында жазушының осы тілдік бірлікті ұлтсыздық концептісінің табиғатын таныту үшін арнайы қолданғаны байқалады. Адамдық қалпынан арылған тіршілік иесінің кейпі ұлтсыздық деп бағаланған.
Ұлтсыздық-қасиетсіздік
ЕЛГЕ ТАРАЙДЫ
СҮЙЕККЕ СІҢЕДІ
ЖАЛПЫНЫ ТҮГЕЛ ҚАМТИДЫ
ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙҒА АЙНАЛАДЫ
ІІІ. «Ұлтсыздық – кінәрат» когнитивтік моделі. Мысалдар:
а) «Өйткені, бас пен аяқ бір қисап дегендей, арғы, бергіңе түгел тиесілі, жалпыға ортақ бір сыйпат бар. Ұлтсыздық деген».
ә) «Бір кісі, он, жүз кісі емес. Тақта отырған патшадан тақырда отырған қарашаға дейінгі аралықтағы бүкіл ел-жұртыңызға еншілі сыбаға».
б) «Бүгінгі тілге көшірсек, машинаның моторы, ұшақтың қанаты дегендей. Оның аты – ұлттық сана. Ұлттық сана жоқ қазақта».
в) «Жалғызға емес, жалпыға тән, сүйекке сіңген, қалыпты сыпат».
г) «Биліктегі, бизнестегі, саясат пен шаруашылықтағы алпауыттарың тұрыпты, зиялы аталатын, елдің қамын жеуге тиіс – ғылымдағы, өнердегі, мәдениет пен әдебиеттегі тарланбоздарың түгел ұлтсыздық дертіне шалдыққан. Қайталап айтайын, қазақта ұлттық сана деген атымен жоқ. Қалған барлық пәле осы жалғыз-ақ кінәраттан туындайды».
е) «Тарихшылар – надан, қалған қауым – ұлтсыз, – деді. – Бар қиындық содан туындап отыр».
Белгілі бір этностың сөздік қорында сақталған дүниенің мәдени ұлттық бейнесін концептілер көмегімен қайта жаңғырту мүмкіндігі мол.
Сондай-ақ, Мағауиннің тілдік тұлғасындағы дертке шалдығу, сүйекке сіңу, адамдық кептен айырылу тіркестерін ұлтсыздану етістігінің перифразды түрі деп есептейміз.
Мағауин шығармасы дискурсындағы ұлтсыздық семасы үш түрлі тақырып аясында әр қырынан ашылады:
1. Ұлтсыздық-дерт;
2. Ұлтсыздық-қасиетсіздік;
3. Ұлтсыздық-кінәрат.
Бұдан шығатын қорытынды «Ұлтсыздық» концептісі М.Мағауиннің дискурсында тақырып өрісінің кеңдігімен, айтар ойының салмақтығымен ерекшеленеді.
ІІІ. «Қазақ тілі» ментальді бірлігі.
Қазіргі кезеңде лингвистикада тілді адам танымымен тығыз байланыста қарастырады. Жеке тілдік тұлға шығармашылығын концептуалды талдауға арналған еңбектер осының көрінісі. Мұндай талдаулар сөз иесінің кім екенін, қандай танымның жемісі екенін, ақынның күш-қуатын, шығармасының әлеуметтік мағынасын, әсемдік құнын ашуға, дәл, әділ бағалауда тиімді болмақ.
Сондықтан М.Мағауиннің тіл мен танымның тұтастығына қатысты «тіл – адам жанының тілмашы», М.Әуезовтің «сөз – ойдағы пікірдің құралы» атты пікірлері тіл философиясының негізін салған В.Фон.Гумбольдтың «тіл – ұлттың рухы» деген тұжырымымен үндеседі.
Ұлттың рухын білдіретін осы ментальді бірліктің қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік сұраныстың төмендігінен мәні жоғалып бара жатқандығын М.Мағауин «Жармақ» романында ашына жазады. Сөйтіп, тілдік тұлға «Қазақ тілі» деп аталатын ұғымды концепт дәрежесіне көтерген.
«Жармақ» романындағы «Қазақ тілі» концептісінің когнитивтік деңгейі мынандай тақырыптар бойынша жүйеленеді:
а) «Қазақ тілі – тілінен безген жұрттың тілі»: «Әлемде өз тілінен безген жалғыз жұрт болса, ол – қазақ. Ана тілін тіршілікке қажетсіз деп санайды. Сондықтан, баяғыда орыс, енді ағылшын». ә) «Енді нең қалды? Дінің мен тілің бе?».
«Қазақ тілі» ментальді бірлігіне берілген авторлық анықтаманы өз тілінен безу қолданысы одан әрі өзектендіре түскен. Негізгі ой А.Байтұрсынұлының «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген философиялық толғамымен астасып жатыр.
«Енді нең қалды? Дінің мен тілің бе?» деген ащы мысқылды, кекесінді сұрақтың бойынан тілдің жарымжан жағдайына жаны шын күйген перзенттің жан айқайын ұғамыз.
ә) «Қазақ тілі – саяси теперіш көрген тіл»: «Бар ниеті, шын ниеті – тәуелсіздіктен бергі кезеңде кембағал жағдайда қалған орыс ағайындарды, орыс тілін теңдікке шығару. Нақты іс жоспарын ұсынған. Атап айтқанда: күнделікті тұрмыста, мекемелерде, көпшілік орындарда орыс тілінің қолданыс аясын кеңейту (яғни, қазақ тіліне тыйым салмай-ақ біржола тұншықтыру), орыс тілді мектептердің жағдайын жақсарту (онсыз да тұралап жатқан, бір партаға үш баладан отырып, бір күнде үш кезекпен оқитын қазақ мектептерінің есебінен), жоғарғы билікте, парламентте орыс тектілерге қосымша, көбірек орын беру (онсыз да билік тізгінін ұстап отырмағандай, өзіміздегі орыс түгілі қазақтың өзі қазақ мүддесін қолдап отырғандай), орыс тектілердің республика шегінен тысқары кетуіне, яғни орыс эмиграциясына тоқтау салу (біреу зорлап, қорқытып көшіріп жатқандай), Ресеймен экономикалық, мәдени және тұрмыстық байланысты күшейте түсу (онсыз да басыбайлы қатынас жеткіліксіз болғандай), қысқасы, бір сөзбен айтқанда, өткендегі отарлық жағдайды қайтадан қалпына келтірумен шектелмей, құлдықтың бұрынғыда да төмен жаңа бір сатысына көшу».
б) «Қазақ тілі – тұтынушылары таусылуға таяу тіл»: «Болашақ ұрпағың тәрбиеленетін орта мектептердің тең жарымы орысша. Жоғарғы оқу орындары түгелдей таза орыс тілінде. Күнделікті тіршілігіңнің баршасы – көшеде, дүкенде, көлікте, ең аяғы асхана мен дәретханада орысша сөйлеуге мәжбүрсің. Яғни, құлағың, жүйке, жүрегің, жұлын-тұтаң тұрыпты, аузыңдағы тіліңе дейін орыстікі».
в) «Қазақ тілі – әлеуметтік сұраныс сатысынан түскен тіл»: 1) «Үлкен қызың, ағылшын тілін білгенінің арқасында әлдебір шетелдік фирмаға жұмысқа әрең ілінді»; 2) «Қазақстандағы қазақтың өзі орысша сөйлейді, орысша оқиды. Тума тілін білгісі келмейді, білсе тезірек ұмытуға тырысады».
г) «Қазақ тілі – қазаққа қажет емес тіл»: «Сен білесің бе, шет елге, республика қаражатымен, “Болашақ” атты арнайы бағдарлама бойынша, – Америкасы бар, Англия, Франция, Германиясы бар, әлемнің ең таңдаулы университеттеріне оқуға жіберілген, бес, он емес, бірнеше жүз қазақ жасының осы жақында ғана қандай мәлімдеме жасағанын? Қазақ ұлтшылдары, яғни мына сен талап етіп жүргендей, Қазақстанда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі күшіне енетін болса, біз мұндай отанға қайтып оралмаймыз деген.Міне, сенің ең тәуір болашағың».
V. «Заман» ментальді бірлігі.
«Қазақ қоғамы» ментальді бірлігінің когнитивтік табиғатын танытубарысында олардың құрамдас компоненттерінің болатын, сондағана замнанның қазіргі кезеңдегі келбетін толық тануға болатынынназарда ұстау қажет. «Өтіріктің» концептуалды өрісі қатарына оныңмазмұнын толықтыратын ғылым, саясат, экономика, билік,жемқорлық семалары қарастырылады.
«Заман-жемқор» когнитивті моделі. | «Қазірдің өзінде қалтырап әрең отырған, кеудесінде шығасы жаны ғана қалған сорлы халқың ең соңғы тиянақ, ең соңғы үмітінен айрылса не болмақ! Тоқтау бар ма мына пәлеге? Жоқ. Өкіметің де, парламентің де соның ар жақ, бер жағы.Бәрі бір қисап. Бәрі де елдің есебінен. Қазақтың». |
«Заман – сатқындық айнасы» когнитивтік моделі | а) «Әй, бұл қазақта сатылмаған кім қалды? Не қалды? Қираған, суға батқан кемемен бірге кету – кісілік пе?»
ә) «Ар-намыс сатылмайды. – Сатылмайтын нәрсе жоқ, – деді Марат. – Соның ішіндегі ең оңайы, ең құнсызы –дәл осы сәтте саған қастерлі көрініптұрған ар-намыс». |
«Заман – қорыс батпақ» когнитивтік моделі
|
«Ал енді ұлттың ұйтқысы болуға тиіс, сырттан шынында да солай көрінетін қазақ интеллигенциясы, өз тілдерімен айтқанда, “зиялы қауымға” келейік.Шыңыраудың түбінде жатқан, нағыз қорыс батпақ осы емес пе?». |
«Заман – қайырымсыз билік» когнитивтік моделі | «Бұрын шарасыз қазақ бар қиындық, азабын құдайдан көретін. Енді құдайға сенбейді, барлық сор – жаман ба, жақсы ма, биліктің кінәсі деп біледі». |
«Заман–мешеу қалған ғылым» когнитивтік моделі | «Қазір қазақ гуманитариясының құты қашқан. Әдебиеттанудың сиқы анау, баяғы 18-жылғы “Ұлы Октябрь”, 28-жылғы “Советстан” төңірегінде жүр. Өз шаруалары оңбай тұрғанда кімге септеспек. Тілтанудан тағы май шықпайды…». |
«Заман–жармақтардың дәуірлеу кезеңі» когнитивтік моделі | «Кейде ойлаймын, жеміт болса да, жалмауыз болса да, ата-бабадан қалған мирастың бір пұшпағына ие болып үлгерген кез келген қазаққа құрметпен қарау керек екен деп. Содан соң, керісінше, бір кезек, осы азғана, сенің барыңды толығымен иеленіп отырған жат жерлік олигархтармен салыстырғанда құртақандай ғана үлес алған осы өз қандастарың болмаса, ел-жұртың осыншама шапқынға ұшырамас еді деп.Бәріне Марат және Марат тектестер кінәлі». |
«Заман–ұлттық рухтың жаншылуы» когнитивтік моделі | «Артымыздағы баланың әуелгі толқынын көріп отырмыз ғой, қазақсың дегенге намыстанып өле жаздайтын, обал жоқ екен». |
«Заман – адасқан жандар» когнитивтік моделі | «Мұсылман болып жарытпаған қазақ қазір христиан дінін қабылдап жатыр». |
«Заман – тозған ұлт» когнитивтік моделі | «Сен білетін қазақ – өткен заман қазағы. Рас, ер болды, мәрт болды. Ел болды. Бірақ ол қазақ Кенесары-Наурызбаймен бірге өлген. ХХ ғасырға жеткен жұқанасы, яғни кеудеде қалған кісілік пен намыстың ең ақырғы жұрнақтары 1932 жылғы ғаламат ашаршылықпен бірге тозды. Одан соңғы қазақ – мүлде басқа жұрт, басқа ұлт. Асып кеткенде, өткен қазақтың жармағы ғана». |
«Заман – қарын мүддесі» когнитивтік моделі | а) «Екі бағдарламаның да ешбір бабы қазақ мүддесін қорғамайтын. Өз мүдделері ғана бар. Яғни билік, оған жалғас байлық. Екі ортадағы қазақ айырбас мәнет дәрежесіне де жетпей қалған».
ә) «Бірақ заман өзгерді ғой. Сенің емес, менің пайдама». б) «Бүгінгі тіршілігің кімнің арқасы? İш, же, жат!». в) «Заманға, тіршілік жайына ыңғайлану керек». |
«Заман – құнсыздану бағамы» когнитивтік моделі | а) «Қазақта ешқандай келешек жоқ. Батқан кемемен бірге өлу шарт емес. Қазақстан дегеніміздің өзі Ресей».
ә) «Орталық, Оңтүстік Америка. Әстектер, майя мен инктер. Қандай мәдениет, қандай халықтар! Олар да көшкен жер бетінен. Өмірдің заңы, тарихтың үкімі. Қазақ деген не, осындай ғаламат тарих, ғажайып халықтармен салыстырғанда». б) «Өз ел, өз жерінде отырған қазақ, байырғы мекенге соңғы жүз, жүз елу жылда, әсіресе, советтік заманда топырлай тоғытылған алпыс халықтың ішіндегі ең сорлысы, құқықсыз, панасыз, кемшіні ретінде, алдағы заманда да келімсек барлық жұрттың табанында жатуға тиіс сияқты». |
«Заман – қатыгездік көрінісі» когнитивтік моделі | а) «Иә, мен рақымсыз қаталмын. Мені қатал қылған – заман, орта».
ә) «Зұлым дейсің, залым дейсің, бұлағай заман, былыққан қоғамда басқаша өмір сүру мүмкін бе?». |
«Заман – материалдық қажеттілік» когнитивтік моделі | а) «Бүгінгі заманның тұлғасы – сылдыр Сөз емес, сықыр Ақша. Яғни, қалың кітап емес, жуан қалта».
ә) «Қазіргі нарықтық әрі бейпіл заманда кім не деп сандырақтамай жатыр». б) «Дарынына сенейік. Өзі жарып шығады деп. Ол – бұрынғы, сендер сөгіп, істен алғысыз қылып жүрген совет заманы ғой». в) «Дүниенің тағдырын адамгершілік қағидалары емес, ақшалы әмиян билейді. Бар тіршілік – ақша үшін. Керек десең, қалыптасқан жағдайды біле тұра, терістеудің өзі құнсыздық көрінісі». |
Автордың дүние туралы ұғымы, білімі көркем мәтін арқылы белгілі бір танымдық жүйе түрінде адресатқа беріледі. Жоғарыда талданған когнитивтік бірліктердің әрқайсысы автордың дүние туралы жеке, даралық танымынан ақпарат беріп, өзіндік қайталанбас қолтаңбасын танытады.
Қорыта айтқанда, «Қазақ» концептісі – М.Мағауиннің «Жармақ» романындағы өзекті когнитивтік бірлік. Автор танымындағы «Қазақ» концептісін құрайтын ментальді бірліктерді ғылыми тұрғыда саралай отырып, белгілі бір қорытындыға келуге болады.
Ол қорытынды мынау:
Дереккөз: “Жұлдыз” журналы