Жаңалықтар

Ер Жәнібек 300. Астанада халықаралық ақындар айтысы өтеді

Құрметті айтыссүйер қауым! Үстіміздегі жылдың 17 маусым күні “Бейбітшілік және келісім сайрайында” батыр Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерей тойына арналған “Ел қорғаған Ер Жәнібек” атты халықаралық ақындар айтыс өтеді.

145a467693a649d13a9f2374eee695b7

“Нұр Отан” партиясының қолдауымен “Ер Жәнібек” халықаралық қоры “айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағымен” бірлесіп өткізіп жатқан айтысқа Қазақстан, Қытай, Монғолия елдерінің айтыскерлері қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда Қытайдан Қанатбек Зәйтоллаұлы, Анаргүл Бәделханқызы, Монғолиядан Сәтжан Тілашқан секілді қандастарымыз өз өнерлерін ортаға салса, Мақсат Ақанов, Айбек Қалиев, Қарлығаш Әубәкірова, Еркебұлан Қайназар, Әсем Ережеқызы, Бауыржан Қалиолла, Иран-ғайып Күзембаев, Ержеңіс Әбді, Ринат Зайытов, Жақсылық Орынбасар, Мейірбек Сұлтанқан сынды ақындар қазақ елінің атынан сөз сайыстырады.

Келіңіздер, көріңіздер!  Ұлттық өнерімізді ұлықтай жүрейік, ағайын!

Өтетін орыны: “Бейбітшілік және келісім сарайы”

Уақыты: 17 маусым, сағат 17:00-де.

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*