Еуропа төрінде Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтті және сонымен бірге Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына арналған «Асық ату», қазақша күрес ойындары мен «Ана тілім – парызым» атты жас жеткіншектер арасындағы сайыс өтті.
Еуропалық қазақтар Қоғамдастығының Басшысы Абдул Каюм Кесичи өз сөзінде еуропалық отандастардың басқосуларын өткізу соңғы он жылда жақсы дәстүрге айналып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, басты мақсат –өз елінің ұлттық мұрасы мен мәдениетін жас буын өкілдерінің есіне салу. Мұндай кездесулердің өз тарихи Отанынан алыс тұратын қазақтар үшін үлкен маңызы бар. Ең бастысы- осындай Құрылтайлардың отандастар үшін аса өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешуге мүмкіндік беретін орынға айналғандығы.
Pingback: ЕУРОПАДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАЖЕТ