Мұрат бауырымыз ескіні еске түсірді. 2009 жылы Ер Жәнібек ешкерткішінің ашылуына қатысып едік. Мынау содан бір көрініс. Ал мына өлең сонда оқылған еді…Ер Жәнібек
(Қанат Сүлейменовке)Уа, Аруақ!
Ер Жәнібек!
Батыр Ата!
Басталды «Жәнібекдеп» ғасыр Ата!
Ақ туың көтеріліп,
Алты Алаштың
Жүрегі
Аттай тулап жатыр Ата!Басыңда кетті бүгін қайнап халық.
Таныдық нар талантың Қанатты анық!
Шаншылған найзаң Ортабұлақтағы!
Жарқырап күндік жерден айбаттанып!Керіп тұр кермелерді көк дөнендер!
Үзіліп жетесінен көлденеңдер!
Көрініп Көк бөрілер
Төрімізге
Көріне кіріп кетті көлбегендер!Жиылған асыңа жұрт омыраулап,
Қолыңдай қотарылған қоңыраулап.
Ер Баба!
Қозғалдың ба,
Мына төбе
Жатқандай көз алдымда қабыр аунап!
(Қанат Сүлейменовке)Уа, Аруақ!
Ер Жәнібек!
Батыр Ата!
Басталды «Жәнібекдеп» ғасыр Ата!
Ақ туың көтеріліп,
Алты Алаштың
Жүрегі
Аттай тулап жатыр Ата!Басыңда кетті бүгін қайнап халық.
Таныдық нар талантың Қанатты анық!
Шаншылған найзаң Ортабұлақтағы!
Жарқырап күндік жерден айбаттанып!Керіп тұр кермелерді көк дөнендер!
Үзіліп жетесінен көлденеңдер!
Көрініп Көк бөрілер
Төрімізге
Көріне кіріп кетті көлбегендер!Жиылған асыңа жұрт омыраулап,
Қолыңдай қотарылған қоңыраулап.
Ер Баба!
Қозғалдың ба,
Мына төбе
Жатқандай көз алдымда қабыр аунап!
Пай-пай-пай, мынау неткен дүлей кейіп,
Мерейім, керейім де сүлейленіп
Кетті ғой көрген кезде хас батырды,
Жаратқан Қанат балаң Сүлейменов.
Шапқылап сүйіншілеп жасырағы,
Шашудай күздің сары жапырағы.
Ұрандайд «Жәнібек» деп
Ұлысы мен
Қазақтың аспаны да, атырабы!
Аруақ!
Ер Жәнібек!
Ер Жәнібек!