Кітапхана

Қазақ батырына арналған пошта маркалары жарыққа шығады

Қазпошта» АҚ алдағы тамыз айында Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына орай арнайы пошта маркасын шығармақ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Жәнiбек Бердәулетұлының 300 жылдығына арналған конференция кезінде хабарланды.

Филателиялық бұл өнім бірнеше мың данамен шығып, конверттерге жапсыратын марка ретінде пайдаланылады.
Айта өтейік, Ер Жәнібек батыр 1714 жылы дүниеге келген. Балалық шағы Сыр мен Есіл бойында, Арқада өткен. Ер Жәнібек, қазақтың атақты баһадүрлері Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алтыбай, Еспенбет, Шөңке, Ақпантай, Малайсары, Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян батыр тәрізді Абылай заманында жоңғарларға қарсы соғысындағы айтулы тұлғалардың қатарында тарихта аты аталатыны мәлім.
Абылай ханның құрметіне ие болған Ер Жәнібек қазақтың қас батырларының қатарында көптеген жорықтарға шығып, қазақ жерінің Алакөл, Зайсан, Іле-Шу өңірлерін жаудан қорғауда сан мәрте жеңіске жеткен ержүрек батыр. Ол 1760 ж. өз қарамағындағы бір бөлік қазақ жұртын Сыр бойынан Қалба, Сауыр өңіріне, Ертіс бойы, Алтай, Боғда тауларындағы байырғы қонысына орнықтырды. Онан кейінгі ғұмырын ел шекарасының шығыс қақпасын сыртқы күштерден қорғау, елдікті бекемдеу ісіне арнаған тарихи ұлы тұлғаға айналды. «Жорықтан олжа, биліктен жол алмаған» хас батырымыз, бар ғұмырын елдің бірлігі мен тұтастығын көздің қарашығындай сақтауға арнаған тұлға, қазақ арасында «Ер Жәнібек» деген құрметті атқа ие болған. Батыр 1792 жылы қазіргі ШҚО-ның Жарма ауданында дүниеден өтті.

baq.kz


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*