Бейнематериалдар

31 арна. Биыл әйгілі қазақ батыры Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл

Биыл әйгілі қазақ батыры Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысында батырдың құрметіне ас беріліп, дүркіреген той өтті. Шараға тек елімізден ғана емес, алыс-жақын шетелдегі қандастарымыз да арнайы келген. Екі күн бойы Жарма ауданының  көгінде  ән қалықтап, балуандар  күш сынасып, ақындар айтысты.

Ұлан асыр той ақ кіреуке киіп, қазақ даласының тұтастығы мен шекара шебінің бүтіндігін қас қақпай күзетіп, қасық қаны қалғанша Жоңғарлармен айқасып өткен аруақты батырдың рухына құран бағыштаудан басталды.

Бұдан соң ән-жыр басталып кетті. Қытайлық цирк әртістері пышақтың жүзімен жүріп, жыршылар жыр айтып, қаз қатар тігілген ақ ордаларда кимешек киген апалар қонақ күтіп, саба-саба қымыз сапырды.

ДІЛДӘХАН ДӘЛЕЛҰЛЫ, кәсіпкер:

«Қалбатаудың баурайында 103 киіз үй тігілді. 20 жылқы, 50 дей қой сойылды.

Асбарысында  ұйымдастырылған  ғылымиконференцияға  арғысы  еуропадан, бергісіҚытай,  Моңғолияданкелген  қандастарымызқатысты. Ал, бүгінгібиліккеөкпелерінбілдіргензиялы  қауым, елінеқорғанболғанЕрЖәнібектіңатынелдімекен, оқуорындарынаберужайлыидеяны  осыдан бес жыл бұрын алғаш рет ескерткіш ашылған кезде көтергендерін айтады.  Бірақ, ол ой биылғы 300 жылдықта да жергілікті  биліктің бейқамдығынан  іскеаспайқалды,-дейді.

ҚАБДЕШЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанныңхалықжазушысы:

Айту керек оны. Болашаққа  сабақ,  бүгінгіге  сабақ. Соны  айтпайды.  Солар  қорғап қалған жердің  қадірін  білмей  сатып жатқан кезде көрінген елге  жалға  беріп  ақша  тауып жатқан кезде сол жерді  сол даланы  кімдер азат етті екен,  кімдер қорғап қалды екен соны  осындайда  еске алып қойған теріс емес.

Қызқу, теңге ілу сынды ат ойындары тойдың екінші  күнін одан әрі  қыздыра  түсті. Ал,  балуан күресі мен ат бәйгесіне  тігілген 7 көлікке үкімет емес, Ер Жәнібек қоғамдық қорының ұйытқы болуы мен кәсіпкерлер  демеушілік етіпті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Еуропадан басталған той алдағы күзге дейін Моңғолия мен Қытайда дәл осындай салтанатпен жалғаспақ.

Мақсат Толықбай.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*