Жаңалықтар

Ер Жәнібектің Елордадағы асы

8
Биылғы жылы, еліміздің мәдени өмірі Ер Жәнібек есімімен ел есінде қалғандай. Жыл басынан бері «Ер Жәнібек» халқаралық қоғамдық қорының ұйтқы болуымен Жоңғар шапқыншылығы қарсы ұрыстың даңқты қолбасшысы, хан Абылайдың оң тізесін алған Ер Жәнібек Бердәулетұлын 300 жылдық мерейтойына орай, еліміздің жер-жерінде көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Аламан айтыс, көңілді концерт, т.б мәдени шаралармен қоса Республикалық деңгейдегі спорттық додалар еліміздің әр өңірінде өткізіліп, халқымыздың рухани өмірін байтуда. Осындай айтулы іс-шаралардың бір парасы Астана қаласы мен Ақмола облысында да өткізілді.
17 маусым күні Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты айтыспен басталған мерейтой 19 маусымда Арқаның апай төс даласында тағы да өз жалғасын тапты.
Ең әуелі Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің Президент атындағы конференц залында «Мәңгілік ел мұраты және Ер Жәнібек» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Кәкішев, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының президенті медицина ғылымдарының докторы Мақсұт Темірбаев, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай, Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, филология ғылымдарының докторы, жазушы Тұрсын Жұртбай, ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Шәміс Құмарұлы сынды жазушылар мен зерттеушілер қазақ жерiн Жоңғар шапқыншылығынан қорғау жолында ерен ерлік көрсеткен баһадүр батыр Ер Жәнібектің ұлағатты өмір жолы мен 18 ғасырдағы тарихи кезең жайлы ғылыми негізделген баяндамаларын ортаға салды.
Іс-шараға Прарламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев қатарлы белгілі билік өкілдері биік мінберлерден құттықтау хаттар жіберді.
Конференция нәтижесінде батырдың туған жерін анықтау бойынша ғылыми экспедиция құрылатын болды. Тағы бір айта кетерлік жайт Ер Жәнібекті насихаттау үшін қазақ анимациясын тиімді пайдалануды да қолға алу керектігі айтылды.
Халықаралық деңгейде өткен конференциядан соң, Астан іргесіндегі Қоянды ауылында аламан ас берілді.
Ер Жәнібек Бердәулетұлын бұған дейін біреу білсе, біреу білмейтін. Тіпті «Оралман батыр» деп мұрын шүйіретін «білермендер» де болған. Бірақ, бүгінде қазақ қоғамы өткенін бағамдап, жоғын түгендеген Алаш баласының күні туып тұр. Соның айғағындай болып, батырдың ұрпақтары көптеп тұратын Қоянды ауылының орталығынан бір көшеге Ер Жәнібек есімі берілді.
Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихаттың шешімімен Қоянды ауынынан Ер Жәнібек атына көше беріліп, батыр атында саябақ ашу үшін 0,3 г. жер бөлінді.
Алыс-жуықтан келген атқа мінерлер алдымен Қоянды мектебінің жанынан ашылатын Ер Жәнібек атындағы саябақта орнатылатын батырдың ескерткішінің тұсаукесер рәсіміне қатысы. Филология ғылымдарының докторы, академик Тұрсынбек Кәкішұлы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Дәурен Зекенұлы Әділбеков, тарих ғ.д. Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев еркерткіштің тұсауын кесіп, іркетасын қалады.
Абыз ақсақалдар аталы сөз айтып, батырды еске алудың мән-маңызына тоқталды.
Одан кейін киіз үйлер қалашығында батыр рухына бағышталған асқа қатысты. Целиноград аудандық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен арнаулы концерттік бағдарлама аясында танымал өнер жұлдыздары Арқа аспанын ән мен күйге бөленді. 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы белбеу күресінен ҚР чемпионаты мен Қазақ күресінен түйе палуан өткізіліп асқа жиналған жұртшылықты тәнті етті.
Мерейтойлық іс-шараға Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өзі «Хан ордасын» тігіп, астың жоғары деңгейде өтуіне биік мінберден көмек қолын созды. Батырдың 300 жылдығына арналған іс-шаралардың Астана өңірі бойынша ұйымдастырылу комиссиясының төрағасы, «Ер Жәнібек» қоғамдық қорының Астанадағы атқарушы директоры, жазушы Жәди Шәкенұлының атына арнаулы құттықтау хат жіберіп, жұмыстарының тыңғылықтылығы мен сәнді салтанатына дән ризашылығын білдірді.
Астың ақпарттық-насихаттық жұмыстарына «Қазақстан», «Хабар», «Жетінші арна», Қазақ радиосы және Baq.kz, Qamshy.kz секілді республикалық, сондай-ақ, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері бастан-аяқ қатысып, жағымды жаңалықтарды ел-жұтқа таратып жатты.
Облстық деңгейде қолдап тауып, салтанаты мен сәні келіскен мағыналы мерейтойдың өтуіне елордалық бір топ кәсіпкер азаматтардың айырықша есе қосқанын атап өткен жөн болар. Осы ретте Үсен Мәслихат, Тілеубердіұлы Сакош, Қапас Асхат, Саятжан Тоқтарғали, Сәйбек Мұхамет, Сейілбек Меллатқан қатарлы азаматтар аламан астың өтуіне қаржылай көмек көрсетіп, ұйымдастырылу жұмыстарының «ыстығына күйіп, суығына тоңып» үлкен азаматтық жасады.
27 маусым. Қоянды ауылындағы «Ағажай» дәмханасында Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығы аясында Астана өңірінде өткен іс-шараларға қортындылауға арналға арнаулы дастарқан жайылды. Дастархан басында іс-шараларды ұйымдастыру комиссиясының төрағасы Жәди Шәкенұлы атқарылған жұмыстардың есебін көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына белсенділік көрсеткен азаматтарға алғысын жеткізді.
Еңбегі елеулі азаматтар алғыс хат, төсбелгілермен қоса, батыр туралы жазылған кітаптармен марапатталды.
Оразбек САПАРХАН
Суреттерді түсірген: Оразбек САПАРХАН,
Ғабит МАДАЛИЕВ, BAQ.KZ

7

6

5

1

2

3

4


1 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*