Марал ишан
Әйгілі әулие, даңқты дін қайраткері
Марал ишан ғазауат соғысын ашпас бұрын, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің рухани басшысы болмас бұ-рын орыстардың қазақтарды шоқынды-руын, шұрайлы жерлерін тартып алуын болдырмауды бейбіт жолмен шешуді де ойлайды және одан үміттенеді де. Біз енді соны айғақтайтын тарихи деректерге арқа сүйесек.
«Айқап» журналы-ның 1915 жылғы №1 санында жарияланған М.Малдыбаевтың «Марал – Құрбан баласы» атты мақаласында былай деп жазылыпты: «… Марал қазақтарды Россиядан айыру туралы орыс үкіметімен сөйлесіп, келісуге тырысып қарады. Осы мақсатпен ол Омскіге керей облысының старшинасы Байсал арқы-лы екі хат жөнелтіпті. Біреуі Орынбор әскери губернаторы генерал Эссенге, біреуін Сибирск отдельный корпус командирі, генераллейтенант Капсиевичке. Екі хаттың мазмұны бірдей болған соң, Маралдың ойлаған тала-бының қандай екенін ашпақ үшін бізге оның мазмұның жазып көр-сетпек керек. Бұл хат татарша жазылған, тәр-жімесі бойынша былай».
Мұнан кейін «Ай-қап» журналында Марал ишанның екі хатына ортақ мазмұны қыс-қаша жарияланады. Негізінен, бұл хатта то-лық мәтін мынандай: «Патша ағзамның саясында қолдауын көріп жүрген, Омбыда тұрушы әралуан ордендер-дің иегері жандарал тақсырға бізден тағ-зым. Әу баста бір жаратқан Құдай хақ, Мұ-
хаммед (с.ғ.с.) пайғам-бар мен оның төрт шадияры һәм төрт имамы шын. Әуелі Адам Ата, екіншіден Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар болғалы сол заманнан
бермен қарай мұсыл-ман боп, кәпір атал-ғаны бері біздің арамызда ешқандай қыр-қыс пен қақтығыс не дұшпандық болған емес. Сыйынып келе жатқанымыз да жал-пыға ортақ бір құдай. Осылайша, бұдан бірнеше жыл бұрын Ресей елінің шегінде байқұт, бейбіт, жанға жайлы тыныштық болушы еді, жандарал тақсыр. Ол
кездегі Ресей патша-ларының тұсында орыстар рұқсатсыз қазақ жеріне кіруге батпаушы еді. Бұл күнде, тақсыр сені мен менің заманымда былай болып тұр: Орыстар қа-заққа тиесілі жерді тартып алып, иемденім кетті. Қазақтар да орыс жеріне кіріп алды. Бұл неге бұлай, бұлай болу себебі неліктен?
Әлде, бұл сізге де, бізге де байланысты ма, жандарал тақсыр. Сіздерден көп ұзамай қа-лай хабар алсақ та, біз бен сіздің уақытыңызда орыс болсын, қазақ болсын бүлікшілікке ұшы-рап, отына қарап қалмас.
Неге десеңіз, орыстар-дың барлығы да сіздің қарауыңызда, ал қазақтардың барлығы біздің қарамағымызда. Пайғамбардың тікелей шарапатымен, сізден менің мархабатты патша ағзамға жол тартып жолығуыма мұрсат етуіңізді сұрай-мын. Бұл менің ең бір қиылып сұрайтын өтіні-шім. Сөзімнің қақтығын куәландырып мен Иса
хазірет мөрімді басамын». Хаттың соңында-ғы бұрышта: «Бұл хатты апарушы Орта жүздің старшыны Байсал Атакелдинь. Осыны растап, Мұса баһадүр өз мөрім-ді бастым», – деп жа-зылған.
Көп ұзамай Сібір әкімшілігінің Азия департаментіне бұл хатты жазушы Марал Құрманов-тың қазақ даласында өзін әулиемін деп жариялап жүрген, Петербургке барып-қайтуға тілек білдіріп отырған біреу екендігі туралы мәлімет жеткізіледі. Сол кездегі вице-канцлер граф Несельроде 1821 жылғы 31 желтоқсанда №760 санды қатынас қағазымен Сібір генералгубернаторы Сперанскийге Марал Құрманов өтінішінің мән-жайы жөнінде пікірі қандай екенін сұрайды. Бұл уақыт-та Сперанский Петербургте болатын. Ол 1822 жылғы 24 қаңтарда граф Несельродеге хатпен былай жауап қайтарады: «Мархабатты менің төрем, Карл Васильевич.
Жоғары мәртебелі өзі-ңіздің қазақ қырында өзін әулие деп жариялап жүрген Марал Құрма-нов туралы сауалыңыз-ға жауап қатуды борыш санаймын. Сіздің мәр-
тебелі пікіріңізбен қал-тықсыз келісемін. Оның осында келуіне рұхсат ету пайдалы болар еді, тіпті корпус командиріне оны орынды бір сыл-таумен шақырып алып, осылай қарай аттан-дырса.
Ізгі ілтипатпен билік құзырыңызға қалтқысыз қызмет етуге әрқашан әзір М.Сперанский».
Граф Несельроденің биік мәртебелісіне осылайша хаттасуына сәйкес 1822 жылғы 22 ақпанда Марал Құрманов-ты Петербургке шақы-рып алу жөнінде жар-лық шығады, оны жолға қамдау туралы тапсырма – нұсқаулар беріледі. Маралды астанаға алдыру жөніндегі жарлыққа орай генерал Капцевичке жазылған хат иесінің қолына тимей, Байсал старшында қала береді…
Алайда қазір анық-талып отырғанындай, 1821 жылдың әр мау-сымында Орынбор генерал-губернаторы жүзбасы, сұлтан Жантөре Жиһангеровке Маралд тауып алуды бұйырған, мұның сыртында ол өз тарапынан Арғын руының биі Жұма Құдай-мендиевке Маралды ұс-тауға бұйырған. Және де орыс әскерінің полковнигі Граматин де сұлтан Шотайға Маралды ұстауды тапсырады. Мұның бәрі Маралға белгілі болғандықтан, ол Петербургке барып патшамен, орыс ұлықтарымен кездесуден бас тартып, хабарсыз кеткен тәрізді. Себебі, патша кеңсесінің осынау құжаттар тігінділерінде 1824 жылға дейін Марал ишанның қайда жүргендігі баян-далған мәліметтер кез-деспейді.
Тек, кейінгі бір сыбыс хабарламада ол: «Алаш» руы қазақтарының ша-қыртуымен солармен бірлесіп, хиуалықтармен соғысып жүрген Бұқара-лыққа көмек беруге кетті», – деп мәлімделеді. Осы жерде анықтап ай-та кететін ақиқат: Марал ишанның кәпірлерге қарсы ғазауат соғысын ашуы, қазақтың елі мен жерін орыс отар лаушыларынан құтқару үшін күрескені тарихи деректермен дәлелден-ген оқиға. Марал ишанның ғазауат соғысы, кәпірлерге қарсы үгіті жө-нінде Торғай облыстық басқармасының аға кеңесшісі, заңгер К.К.Крафттың 1899 жылы «Торғай облыстық ведомство» газетінің №16-17 сандарында және «Санкт-Петербургское ведомство» журналының 1899 жылғы 3 санында жария-ланған «Сәуегей қазақ Марал Құрманұлы» деген мақалаларында да айтылады. Крафт Маралдың: «Россияға қараман-дар, өздерің бірігіп, орыстан басқаланып, егін салумен айналысыңдар, сендерді егін байлыққа жеткізеді», – деген де сөзін өз мақақласында мысалға келтіреді.
«ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар-дағы Қазақ-Ресей қатынастары» атты құжаттар жинағы бар. Мұнда да Марал ишан туралы деректер кездеседі. Осындағы №113-ші іс қағазын-
да Байдалы, Уақ болысының старшинасы Құрқымбайдың (1821 жылғы 9 маусым) жоғары ұлықтарға жазған түсінік-темесінде: «Осы жазда Торғай өңі-
рінде Бұхарадан келген әулие жөнінде ел ішінде
хабар тарағанын айтып, оның ел ішінде соқырды жазатын, баласызға бала беретін, Ресейден қатынасты үзу керектігін насихаттауда. Ол әулие атанған адамның әкесі
Құлтаба – Керей бо-лыстығына қарайтынын, оның екі баласы бол-ғанын, үлкені Алшынбай бүгінде старшина, кішісі Иса. Иса 18 жыл бұрын Бұхараға кетіп, білім алады. Кейін Торғайға келіп қоныстанады. Мұнда ол 100 үй керейлермен келіп, оған Пресногорьконский, Құлтаба Нұрымбет керей старшиналары: Маймақ, Алшынбай, Жиентай және оларға қарайтын 60 үй түтін қо-сылды», – деген.
Осылайша, мұрағат құжаттарында Марал ишанның отарлаушы орыс мемлекетінің саясатына қарсы болғандығы, қазақ елінің дербестігін қалағаны туралы тарихи деректер жазулы тұр. Ал оның хиуалықтарға қарсы соғыс ашқаны да тарихи шындық болатын. Марал Құрмановқа қатысты патша шенеуніктеріне 1824 жылдың басында белгілі болған толық деректерде бұл жөнінде негізінен, былай
деп баяндалған: «1823 жылдың жазында хиу-алықтар Бұхараға бара жатқан керуенге шабуыл жасап, қазақ керуен-шілерінің мың түйесін, жүз мың қойын айдап
алып, елу адамды өлті-ріп кеткен хабарын ести сала М.Құрманов ақ-
адал мал-мүлікті қайтаруы үшін Хиуаға ат-танғалы қол жинайды. Халықты бұл жорыққа көбірек тарту үшін жұртқа жар салып, бұл жо-лы өзімен бірге жауға аттанғандарға «Оқ өт-пейді, қылыш дарымайды», – дейді.
Дұшпанды жеңіп, таланған малды түгел қайтарып, олжалы оралатынына сенген қазақтардың көпшілігі Құрмановтың уағдасына қызығып, Хиуаға қарсы аттанады. Және асықтыр-ған тағы бір себеп, мұ-ның хиуалықтардың Сыр бойына, керуен жолдың үстіне қорған салып Троицк һәм Орынбордан шыққан керуендерді та-
лауға әзірленеді. Жүзе-ге асуы екі талай бұл қатерлі сапардың немен аяқталғаны белгісіз. Марал ишанның бұдан кейінгі тағдыры да беймағ-лұм».
Марал ишан Кенесары Қасымовпен, Шыңғыс Уәлихановпен және Сыр
мен Қыр емліндегі көптеген жақсы-жайсаңдар-мен сыйлас, сырлас, өте
беделді адам болған. Ол ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, ғазауат
соғысын ашып, хиуалық-тармен шайқасып ғана бар ғұмырын өткізбеген. Ол халықты да емдеген, Қыр мен Сыр елінде медіресе – мешіт салдырып қазақтардың сауатын ашқан, елін Ислам дінінің құндылықтары-мен таныстырып, иман-
дылық жолына баста-ған, егіншілікпен айналысуға шақырған. Біздегі
деректер бойынша, Марал ишан Сырдарияның бір саласы – Қараөзек-тен тарайтын «Сасық өзектің» бойында жағалай бірнеше мешіт салдырыпты. Сол атырапта Марал ишан салдырған мешіт-медресе-лердің санының жетеу екені қазір газет-журнал беттерінде, тарихи-танымдық кітаптарда кеңінен жазылып жүр. Ол мешіттер «Қара бө-гет», «Байбол», «Ишан ауылы» (Марал ишан-ның немересі Тобағабыл ауылында) мешіттері және «Қырғы мешіт», «Қолаң
төбедегі» мешіт, «Қыш мешіт», Оспан ишан ме-шіті (Марал ишанның не-
мересі), «Қамыр» төбе-сіндегі күмбезді мешіт. Осындай мешіттердің көптігінен бұл аймақ «Қырық мешіт» деп аталып кеткен. Елі мен жеріне сіңірген осындай
еңбегі үшін халық Марал ишанды қатты құрмет-теген, оның бұл ізгі қыз-метін патша шенеуніктері мен генералдары да мойындаған.
Генерал И.Ф.Бларам-берг өзінің «Естеліктер» атты кітабында Марал ишан туралы былай деп жазады «Осы маңайда (Қаракөл маңы, М.С.) қа-зақтың Марал ишан деген мыңғырған малы, шал-ғынды өріс-қонысы бар әулиесі тұрады екен. Ол маған аса күмәнді кісі болып көрінді, өйткені қоқандықтарға тым бе-ріліп кеткен (өте діндар деген мағынада, М.С.) екен. Мен оны өзіммен бірге қуана-қуана алып
кетер едім, бірақ мені-мен бірге жүрген қазақ-тар оның алдында тағ-зым етіп табынатын кө-рінеді, ендеше бұлар менің олай істеуіме жол бермейді ғой. Біз маса – шіркей көптігінен көз аштырмайтын маңайға келіп жеттік, ал Марал ишан ат құйрығынан жа-саған үлкен желпуіші-мен сыпылдата сермеп, тынымсыз желпініп келе жатты». Ал енді «Айқап»журналы өзінің 1915 жылғы №1 санында Ма-
рал Құрманұлы туралы жариялаған мақаласын-да мынандай ой айтады: «Марал Құрман баласы дабыра пайғамбар да емес, әулие ишан да емес, елді қару күшімен қорғау қиялына беріл-ген бір жан. Былайғы қауымнан ақылының би-ігірек, рухының күштірек болуымен асып да-ра шыққан бір қиялдағы бірбет адам.
… Алайда бір нәрсе талассыз, ол жұртына шын ықыласпен жақсылық іс-теуге талаптанған адам еді».
Марал ишанның өмір жолын зерттеушілердің, ұрпақтарының айтуынша, ол шешендік сөзге шебер, әділ билік айтқан қоғам қайраткері де.
Әйгілі әулие, даңқты дін қайраткері Марал ишан Құрманұлы 1843 жылдың жазында Қостанай өңіріндегі өзі қо-ныс еткен «Әулиекөлге» бара жатқанында қай-тыс болады. Кезінде Кәрібай Жиенбаев тәрізді қариялардың айтып
кеткен әңгімесі бойынша Марал ишан Шилі өзенінің (Торғай өңірі) бойында, өз жайлауын-да дүниеден озған. Бұл екі дерек те бабамыз-дың Торғай жерінде фә-ниден бақиға көшкенін айғақтайды. Сол кезде ауа-райы қырық градус-тық өте ыстық екен. Анасының айтып кеткен сәуегейлік болжамы, ару-ақтардың аяны бойынша Марал ишанды Қызыл-орда өңіріндегі Қармақ-шы ауданындағы «Қы-
рық мешіт» деген жерге әкеліп ақтық сапарға аттандырмақшы болған туған-туыстары мәйітті қара былғарымен орап, жақсылап тігеді де жол-ға шығады. Күндіз тоқ-таған жерде қалфелер құдық қазып, мүрдені сулы топырақпен көміп
тастайды. Шилі өзені-нің жағасынан бастап қазылған осы құдықтар-дан кейін су шығып, үлкен бұлаққа айналады да, жан-жағына ақ қа-йың, талдар өседі. Кейін қасиетті бұл орындар «Марал ишанның «жу-ғысы» деп аталып кетеді. Қазір Шилі өзенінің жанындағы «Жуғыда» үлкен, биік, төрт құлақ қорған бар. Ишанды жу-ған жерді айнала қоршап салынған құрылыс. Ол көптен бері адамдардың басына түнеп, тәу ететін қасиетті орыны.
Қайтыс болған Марал ишанның асыл сүйегін Самрат би әкелген ар-баның үстіне салып, ат жегіп Қармақшыға жеткізеді. Әкесінің өліміне қатты қайғырған ұлы
Қалқай басын көтермей жатып қалған екен. Намазға шақырылғандар-дың ішіндегі Шеген бидің ұлы Бірімжан ха-лықтың алдында оған былай дейді:
– Көтер, Қалқай ба-сыңды,
Айырып дос пен қа-сыңды.
Ақылмен ойлап жұ-мыс қыл,
Насихат тыңдап жа-сыңды.
Жапанға біткен көк орман,
Ішіндегі біреуін
Бәйтерек етсе – Тә-ңірден.
Биеден туған құлын-ның
Ішіндегі біреуін
Тұлпар етсе – Тәңір-ден.
Ұядағы балапан,
Ішіндегі біреуін
Сұңқар етсе – Тәңір-ден.
Кешегі өткен ер Марал,
Халықтан озған тұл-парым,
Ұшыруға кім қияр,
Қолындағы алтын сұңқарын.
Бүйте берсең Қал-қайжан,
Ала алмассың халықтың
Бұқа мен бура, қош-қарын.
Бірімжан осы сөзді айтқанда Қалқай ишан басын көтеріп: «Әкем-мен үзеңгілес, дос адам едіңіз. Сіздің келуіңізді күтіп жатыр едім», – депті. Қыр мен Сырдың халқы арулап жуып, Марал ишанды анасы жатқан қорымға әке-ліп жерлейді. Оның 4 әйелінен 8 ұл туған. Марал ишанның әйелі –Құланбай ишанның қы-
зы Меңлібикеден Қалқай, Қалыбай, Елібай-дың өмірге келгені белгілі. Қалқайдың да 4 әйелінен 8 ұл болған. Бәйбішесі – Шағырай батырдың қызы Көңештен – Алдажар, Тобағабыл, Омар, Әбдірах-ман. Екінші әйелінен – Мамырбай, бір әйелі-
нен – Нұрқожа, Сия-қожа, соңғы әйелінен – Оспан. Марал ишан-ның балаларының кө-бісі діндар, аруақты адамдар болған.
Абдолла Әбдулха-митұлы – Марал ишанның шөпшегі:
«Марал ишанның шаңырағы балаларының үлкені Қалқайда қалған. Бабаның ұрпақ-тарының бәрі дерлік аруақты болған. Олар: Есей, (Есмұхамед), Шо-қай, Қалқай, Қалыбай,Елібай ишандар, келесі буындардан белгіліле-рі: Тобағабыл, Оспан, Пірзада (Тентек ишан), Текзада, Үндемес, Әбдірахман, Мамырбай,Сәруар, Алдажар, Ысқақ әулиелер. Одан соңғылары: Сүлеймен, Әмит, Жүнісхан ишандар. Тобағылдың Батырханы ақын да бол-ған. Әбдіхалық әулие де болған. Әбдіхалық әулие Нұрғожадан туады. Бұлар 1937-38 жыл-дардың құрбандары».