Кітапхана

ЫСТАМБҰЛДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАП

“Хандық дәуірден қазірге дейін мисалдарымен қазақ әдебиеті” деп аталған кітап таяуда түрік тілінде жарық көрді. ХУ- ғасырдан ХХІ-ғасырға дейін ауызша және жазбаша қазақ әдебиетінің барлық түрлерін түрік оқырмандарына танытуды мақсат еткен кітаптың авторы Германия қазақтарынан және Бонн университетінде бұл туралы сабақ берген Лайық Алтынмақас. 600-ден астам беттен тұратын кітаптың бір жаңалығы қазақ әдебиетін тек Қазақстан аумағында қана қарастырмай, Қытай және Түркия қазақтарын да қамтуы болып отыр. Кітап Көлн қазақ мәдени орталығының демеушілігінде жарық көріп отыр.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*