Жаңалықтар

Ер Жәнібек турасында екі бөлімнен тұратын кітап дайындалып жатыр

Моңғолияда Ер Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойына орай арнайы кітап шығарылмақ. Баян-Өлгий аймағының құрылтай төрағасы Ләззатқан Бұраңұлының бастамасымен арнайы комиссия жасақталып, Моңғолия елінде Жәнібек батырдың тойланып өткен 300 жылдық мерейтойына байланысты кітап шығару жайлы шешім шығарды.

845628ea1223cb7c06b3791e37f0bb06

 Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойы қарсаңында ғылыми конференцияда сөйленген ғалым зерттеушілердің баяндамалары еніпті. Ал екінші бөлім Моңғолияда тойланып өткен Жәнібек батыр тойынан толық фотобаян берілмек. Ғылыми материалдарға доктор Өмірбек Биқұмар жауапты болып тағайындалды. Ал фотобаянды дайындау Жанарбек Ақыбиұлына тапсырылыпты. Қазір арнайы топ қызу жұмысқа кірісіп кеткен. Мақсат батыр рухын болашақ жастарға үлгі өнеге ету дейді кітапты құрастырушылар.

Суретте: Аймақтық Азаматар құрылтайының төрағасы Ләззатхан Бұраңұлы

BAQ.kz

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*