Куба балуаны Видал Брайсон Павлодарда алғаш рет өткізілген қазақ күресінен «Alem Barysy» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Екінші орынды отандасымыз Айбек Нұғымаров иеленді. «Әлем барысының» қола жүлдесін ресейлік Максим Ширяев жеңіп алды.
Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың долларды құраған алғашқы халықаралық турнирге 35 елдің спортшылары қатысты. Турнирде еліміздің намысын төрт балуан қорғады: олар – «Қазақстан барысы» Б.Ыстыбаев, екінші маусым жеңімпазы А.Нұғыманов, 2014 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің финалисі А.Барменов және үшінші маусымының қола жүлдегері Р.Әбдіразақов.