Әдебиет

Прозалық бәйгенің қорытындысы шықты

«Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқаудың нәтижесі шықты.

Байқауға түскен шығармалардың ішінен 12-ы шығарма іріктеліп алынды.

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған прозалық шығармалар бәйгесінің әділқазылар алқасында қазақтың белгілі жазушылары мен ақындары, мемлекет қайраткерлері бар.

Байқауды бағалау комиссиясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидахмет Әшімхан, Қазақстанның мәдениет қайраткері және М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы, ақын, ұстаз Мұрат Шаймаранұлы. Әділқазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Кәкен Қамзин болды.

Шығармаларды бағалау барысы баллдық жүйе арқылы жүзеге асырылып, әділқазыларға тек шығармалар ғана беріліп, авторлары көрсетілмеді. Байқауға прозалық мүшәйра шарттарында көрсетілгендей шығармалар талданып алынды.

Төменде жүлделі орыннан көрінген шығармалардың атын жариялаймыз.

Бас жүлде:

Қанат Әбілқайыр – «Қарға тамыр»(әңгіме);

Бірінші орын:

Мұрат Алмасбекұлы – «Үш бейіт»(әңгіме);

Екінші орын:

Ұлан Бапай – «Алтайдан биік асқар бар»(әңгіме);

Мейіржан Әуелханұлы – «Арыстан көл»(әңгіме);

Үшінші орын:

Айгерiм Амалбеkова  – «Еліне ұран болған Ер Жәнібек»(әңгіме);

Бақытбек Қадырұлы – «Кері түс»(әңгіме);

Сарқытқан Қастер – «Ер Жәнібек көзіндей ескі сандық»(эссе);

Арнайы жүлде:

Қойшыбек Мүбарак – «Бөрілі көш»(әңгіме)

Бәтима Ахметова – «Әулие бұлақ»(әңгіме)

Абылайхан Есімбай – «Еліне қорған болған Ер Жәнібек»(әңгіме)

Қуаныш Қаппас – «Алтайда арман көп»(әңгіме)

Саодат Ордашева – «Қан майданда қайтыс болған қарғашым»(әңгіме)

Жеңімпаздарға тағайындалған жүлделер:

Бас жүлде – біреу;
І орын – біреу;
ІІ орын – екеу;
ІІІ орын – үшеу;
Арнаулы жүлделер – бесеу.

Байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының басында өтеді. Хабарлардыру қордың ресми сайты www.erjanibek.com-да жарияланады.

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры

Теги:

6 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*