Қазақстандағы балеттік бидің алғашқы үгілері кәсіби сахнаға шықпастан бұрын, ұлттық өнердің жалпы дамуы аясында күрделі, ұзақ жолдан өтті. 1933 жылы Қазақ мемлекеттік драма театры жанынан музыкалық студия ашылып, көп ұзамай студия жанынан балет тобы да құрылды. Педагогтар мен арнай балет мамандары болмағандықтан театр ұжымын ұйымдастырудағы күрделі қиыншылықтардың көпшілігі балет үлесіне тиді. Балет тобы ұзаққа созылған маман іздестіру жұмыстарынан кейін М. Арцибащевның жетекшілігімен балет үйренуге кірісіп кетеді. Балет студиясының алғашқы үйренушілернің ішінде Ш. Жиенқұлова, Ташкенттен келген кәсіби биші Е. Лифанова, А. Исмаилов, С. Абсолямовалар болды. Тынымсыз дайындық нәтижесінде олардың бірінші шығармашылық қадамы премьерасы 13 қаңтар 1934 жылы М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық қойылымына қатысудан басталды. Спектакль билерін М. Арцибашева мен алғашқы қазақ музыкалық спектаклін дайындау үшін Ташкентен арнайы шақырылған тәжрибелі балетмейстер А. Ардобус қойды. Қойылым барысы фольклорлық билердің қайнар көзі саналатын «Қоян-бүркіт», «Қара жорға», «Келіншек» билеріне негізделіп, үлкен табыс әкелді.
1936 жылы қазақ бишілері Бүкілодақтық ұлттық би фестиваліне алғаш рет қатысып, таңдаған жолдарына оң баға берген кәсіби шеберлердің қолдауына ие болды.
1934 жылы 17 қаңтарда қазақ драма театрының музыкалық студиясы Мемлкеттік музыкалық театр болып құрылды. Сахналық бидің одан кейінгі даму жолдары Қазақстанға Мәскеуден келген А. Александров пен А. Ардобус есімімен тығыз байланысты. Александровтың балетмейстрлік дебюті Б. Майлиннің музыкалық-тұрмыстық драмасы «Шұғаның» әсіресе, әсіресе оның бірініші редакциясының қойылымы көрермен есінде ерекше бишілік сипатымен қалды. Келесі спектакль – Қыз Жібек. Оны жасаушылар мұны жай ғана би емес, музыкалық пьессаның жалпы тақырып және құрылысымен тығыз байланысқан би сахнасы ретінде қоюды көздеді. Сондықтан «Қыз Жібектегі» билер сахнасы жан-жақты дамыған жарқын эмоционалды сахна болды. Е. Брусиловский күйлерге өңдеу жасап, биге ыңғайласа, балетмейстер суретші А. Ненашев кейін дәстүрлі болып қалған қазақ балетінің костюмін жасады. Александровтың көпқырлылы шығармашылығы қазақ балеті тарихындағы алғашқы және қазақ балеті тарихындағы айтралықтай нәтижелі кезеңге жатады.
1937 жылы 17 қаңтарда Қазақ Мемлекттік музыка театры Мемлекеттік Опера және Балет театры болып құрылды. Қазақ балетіне 1937 жылдың қыркүйек айынан бастап театрда бас балетмейстер, жетекші биші және ұстаз қызметін атқарушы Леонид Жуков басшылық етті. Қазақ балетінің алғашқы қойылымдары табысты бола қоймады. Спекталь кейіпкерлерінің «ана тілінде» сөйлеуі үшін Л. Жуков би фольклорына, қазақ халқының ауызша-поэтикалық ән шығармашылығының бейнелеріне ерекше көңіл аударды.
1950 жылдары репертуардың жаңа желісін құру бастамасы балетмейстер Д. Абировке тиісті болды. Ол Луначарский атындағы ГИТИС-те балетмейстерлік жоғары білім алған тұңғыш қазақ еді. Біраз жылдан бері маман тапшылығынан адымы ашылмай тұрған қазақ балетінің жұлдызы жанды. Оның ең алғашқы қойылымы «Жастық шақ» балеті, одан кейін «Эсмеральда», «Шурале» болды. Бірақ әрекеттің қарадүрсін сипаты мен жалаңдығы, образдың мазмұн желісімен байланыспауы спектакльдің басқа компоненттеріне де әсер етті. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнер декадасы алдында республикамызға құрамында балетмейстер Захаров бар Үлкен театр қызметкерлерінің бір тобы келіп жетті. Ең алдымен балет сюжетінің кей тұстарын өзгерте отырып, оқиғаны мимикалық мизансценалардан тазартты, сюжеттік билерді жөндеді. «Айнымас достық» және «Бақшасарай фонтаны» балеттері 1958 жылы 12 желтоқсанда басталған декада кезінде мәскеуліктерге көрсетілді. Р. Тәжиева, С. Тулусанова, С. Көшербаева сынды бишілердің сыйлыққа ұсынылғаны қазақ балет өнерінің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі болғандай еді.
1941 жылы академиялық мәртебесі, 1945 жылы Абай есімі берілген бұл театрда бүгінде Е. Рахмадиевтің «Абылай хан», А. Серкебаевтың «Томирис», Дж. Пуччинидің «Турандот», «Богема», Дж. Вердидің «Трубадур», «Бал — маскарад», Р. Вагнердің «Тангейзер», В.А.Моцарттың «Похищение из сералы» опералары мен А.Меликовтың «Легенда о любви», Ж.Бизенің – Р.Щедрин «Кармен – сюитасы, С Прокофьевтің «Ромео и Джульетта» сынды балет қойылымдарын сахналап, көрермендердің көзқуанышына айналып үлгерді. Сонымен қатар әлемге әйгілі әншілер Н. Үсенбаева, М. Мұхаммедқызы, Ш. Әбілов, Г. Дуәрбаева, Д. Табылды сынды танымал солистер театр сахнасын жандандыра түсуде.