Теңге – егемендік пен елдіктің белгісі
Ұлттық валюта теңгенің айналымға енгізілген күнінен бастап Қазақстанның қаржы секторының қалыптасу тарихында жаңа кезең басталды. Аз ғана уақыт ішінде еліміздің қаржы жүйесінің берік негізі қаланды, дами бастады жəне қазіргі уақытта ТМД кеңістігінде көшбасшы болып отыр. Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің тəуелсіздік алуынан кейін қалыптасқан бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз жағдайда болды. Осы жағдайларда Қазақстан ұлттық валюта – теңгені айналымға енгізуді шешті. Теңгенің ресми тарихы еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 12 қарашадағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығынан басталды. 1993 жылғы 15 қарашадан бастап теңге еліміздің жаңа төлем құралы жəне есеп айырысу бірлігі ретінде айналымға енгізілді. Егеменді Қазақстан үшін бұл күннің маңызы зор, өйткені ұлттық валюта конституция, жалау жəне елтаңбамен қатар кез келген мемлекеттің тəуелсіздігінің маңызды атрибуты болып қана қоймай, мемлекеттің тарихын, мəдениетін, тұрмысын жəне дəстүрін нақтылайтын «визиттік карточка» болып табылады. Бүгінгі күні аз уақыт ішінде теңге толық құнды ұлттық ақша бірлігі ретінде көрінді деп нақты айтуға болады. Теңге ақшаның барлық фунциясын орындайды жəне құнның мөлшері, айналым қаражаты, төлем құралы, жинақтау құралы ретінде қолданылады. Қысқа мерзім ішінде ұлттық валютаны енгізу жəне шығару туралы стратегиялық шешім елімізді қарышты дамудың жаңа жолына жетеледі, тұрақты нарықтық экономиканы құруға бағытталған құрылымдық қайта құруды жеделдетті, саяси картада көрінген егеменді Қазақстан өзінің тəуелсіз саясатын жүргізуге бірінші рет мүмкіндік алды. 1992 жылдың басында Елбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке ұлттық валютаны дайындау жəне оны айналымға енгізу міндетін тапсырды. Ұлттық валютаны енгізу процесі банкнотаның сыртқы бейнесін, сандық ретін жəне теңгенің жəне тиынның номиналдық құрамын анықтау жұмыстарын жүргізуге жетеледі. Жаңа ақшаның дизайнын əзірлеу жəне басу процестері өте күрделі болды жəне қымбатқа түсті. Ұлттық Банктің мамандары Англияның, Германияның, Испанияның жəне басқа да елдердің тəжірибелерін оқып үйренді. Жаңа үлгідегі қағаз ақшаларды дайындау үшін ақша ба- судың 400 жылдық тарихы бар Ұлыбританияның “Харрисон жəне оның ұлдары” банкнот фабрикасы таңдап алынды. Осыған сəйкес теңгенің алғашқы 1, 3, 5, 10, 20, 50 жəне 100 теңгелік купюралары Англияда басылып шығарылды. Жалпы ақша тарихында өз ізі бар Қазақстан теңгесі бүгінгі таңда өз миссиясын толық орындауда деуге негіз бар. Ұлт қазынасы, халқымыздың берекелі өмірінің қайнар көзі еш уақытта ортаймай, арналана түскей. Ұлттық валюта — теңгені енгізген бері 21 жыл өтті. Бұл біздің еліміздің тəуелсіздігін жариялаған бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. 21 жыл ішінде теңге біршама нығайды жəне ТМД елдерінің анағұрлым тұрақты валюталарының бірі болып қалды. Қазақстандық ұлттық валюта – теңгенің айналыста 21 жыл болуы Қазақстанның қазіргісі мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи маңыздылығына объективті баға беруге мүмкіндік береді. Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу Қазақстанның экономикалық егемендігін іске асыру үшін негіз болды. Ұлттық валютаны енгізумен нарық экономикасын құруға бағытталған құрылымдық қайта құрулар жылдамдатылды. Қазақстан өзінің ұлттық валютасы — теңгені күрделі жағдайда əзірлеп, қабылдағанын естен шығармау қажет. Теңгені жасаудағы тұңғыш президентіміздің ерен еңбегін əр қазақ білері сөзсіз.
http://baq.kz тен