ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ТОЙ ШУ МЕН ТАЛАС АРАСЫНДАҒЫ АЛҚАПТА ӨТЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚР МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ МƏЛІМ ЕТТІ. ОНЫҢ АЙТУЫНША, БҰЛ ШАРАҒА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗІ КЕЛІП ҚАТЫСАДЫ. СОНДАЙ-АҚ АТАЛҒАН МЕРЕЙТОЙҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖОҒАРЫ ДƏРЕЖЕЛІ ҚОНАҚТАР КЕЛЕДІ. БҰЛ, ƏРИНЕ ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ МƏРТЕБЕСІН КӨТЕРЕТІН АЙТУЛЫ ШАРА БОЛ МАҚ. БҰДАН БӨЛЕК МИНИСТР ЕЛІМІЗДЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨП ТОПТАМАЛЫ СЕРИАЛ ТҮСІРІЛЕТІНІН ТІЛГЕ ТИЕК ЕТТІ. АТАЛҒАН ТОП ТА МАНЫҢ ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫН 2015 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНАН БАСТАУ ЖОСПАРЛАНЫПТЫ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жыл дығын атап өту туралы мəлімдемесі қарапайым халықтың қызу қолдауына ие болып, бір серпілтіп тастады. Бұл тақырып тың қызу талқыланғаны сон шалық, тіпті, кейбір азаматтар «Біздің мемлекеттілігіміздің тарихы мыңдаған жылдарға же те ді» деп өздерінің дəйекті деректерін алға тартып отыр. Көп шіліктің бұл уəжін орын сыз дей алмаймыз. Алайда, 1465 жылы Керей мен Жəнібек хан негізін қалаған Қазақ хандығының ұлт тарихында алар орны ерекше. Сондықтан да Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту мəселесінде даудамайды қоя тұрып, керісінше оны жоға ры деңгейде атап өтуге ат салысуы мыз керек. Себебі, кез келген халық өзі нің ата-бабасының жүріп өткен жолын, яғни тарихын танығысы келеді. Ал ұлт та рихын да Қазақ хандығының мəні мен маңызы тым тереңде жатыр. Мұны өз сөзінде мемлекет басшысы жақсы айтып өтті. – Керей мен Жəнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бəл кім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл əлемге осынша танымал əрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыз дың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттер мен көпғасырлық достық жəне тату көршілестік дəстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты əрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Жоғарыда Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты қызу пікірталас жүріп жатқанын тектен тек жазғанымыз жоқ. Мəселен, кейбір азаматтар «Қазақ мемлекетіне – 550 жыл» емес, «Қазақ хандығына – 550 жыл болса керек» деп жатыр. Шынында да қазақ мемлекет тілігінің тарихы мыңдаған жылдарға созылады. Нақ тырақ айтсақ, 2017 жылы Түрік қағандығының 1465 жылдығы, ал 2024 жылы Алтын Орда мемлекетінің 800 жылдығы. Аталған қос мемлекетте біздің алғашқы мемлекетіміз болып есептеледі. Сондықтан да біз осы сияқты атаулы даталарды ұмытпауға тиістіміз. Бұл туралы белгілі саясаткер, Қазақстан Страте гиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлттық идеологияның темірқазығы – мемлекеттілік» деген сараптамалық мақалада жан-жақты айтып өтті. Оның айтуынша, мемлекеттің айтулы мерейтойын тойлағанда шет елдің тəжірибесін естен шығармаған жөн. – Мəселен, 1971 жылы Иран елі парсы мемлекеттілігінің 2500 жылдығын тойлаған. Олар өз мемлекеттілігінің басын Ахемен əулетінің патшасы Кирден бас тайды. Осы мереке қарсаңында елде 2500 мектеп салынды. Көптеген қалаларда абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Ірі кəсіпорындар мен компания лар мектеп, аурухана салу жұмыстарына белсене қатысты. Мерейтойдан хабар тарату үшін əлемнің ірі БАҚ-тары мен ақпараттық агенттіктерінен 600-ден астам журналист келген. 52 мемлекеттің басшылары мен үкімет басшылары қатысты мерекеге. Бір сөзбен айтқанда, Иран үшін аса ірі PR акция болды ол, – дейді институт директоры. Əрине, біздің мемлекетіміздың алдында Иран Ислам Республикасы сияқты сауатсыздықпен күрес тұрған жоқ. Алайда, əрбір азамат тарихымызды ұлттық тұрғыдан танып, ой қорытуға мүмкіндік алуы керек. Мысалы, Керейден бастап Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыға дейінгі хандардың қызметі мен өмірі туралы тарихи фильм немесе деректі фильм түсірілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, Керей мен Кенесарыға дейінгі 382 жылда Қазақ хандығын 20 хан басқарған екен. (Айтпақшы Абылай хан өмірден өткеннен кейін Кенесары ханға дейін қазақ халқы 60 жылдай иесіз болды). Өкінішке қарай, біз олардың ішінде не бəрі он шақты ханды ғана жете танимыз. Ал, қалған хандардың ішінде көпшілік мүлде атын естіп-білмегендері де бар. Олар Момыш хан, Тайыр хан, Тоғым хан, Ахмет хан, Шығай хан, Батыр хан, Қайып хан, Болат хан. Ал алдағы Қазақ хандығының 550 жылдық қарсаңында аталған хандардың таны мал, танымал емесі бар, барлығын танып білген жөн. Себебі, қазақ хандығы ның 550 жылдығы тек той тойлау үшін ғана емес, ой толғау үшін атап өтуіміз керек. Той тойлау демекші Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ұлы тойдың қорытындысы облысымыздың Мойынқұм ауданына қарасты Хантауда өтуі қажет. Өйткені, Керей мен Жəнібек хандар Əбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу өзені бойындағы Қозы басы өңірінде қоныстаған. Бұл дегеніңіз Қазақ хандығына қатысты ең жауапты шешімдер хан ордасы ретінде Қозыбасыда қабыл данғанын білдіреді. Демек, Қазақ хандығының алғашқы астанасы – Хантауы деп айтуға əбден болады. Осы ретте, Шу өзенінің бойында Қозыбасы деп аталатын бірнеше жер болғанын ұмытпаған жөн. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Сондай-ақ, аталған жер Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау іргесінде жəне Іле Алатауының солтүстік-батысын дағы Қозыбасы деген шоқыда кездеседі. Жалпы, төрт Қозыбасы да Шу атырабымен іргелес жатқандықтан Керей мен Жəнібек құрған хандықтың орталығы Хантауы болды деп нық сенім мен айта аламыз. Алайда, арнайы археолог тарихшы ғалымдардан құралған экспедиция жасақталып, хан ордасының қайда болғанын нақты анықтаған жөн. Иə, қазақ хандарына қатысты көп топтамалы сериал түсіру өте өзекті мəселе болып отыр. Аталған сериал Керей мен Жəнібек хандардан басталып Кенесары ханға дейін жалғасса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, жоғарыда тілге тиек еткендей көпшілігіміз хандардың қызметі мен өмірбаянын біле бермейміз. Болашақта түсірілетін сериал осы олқылықтың орнын толтырса дұрыс болар еді. Мəмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: – Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде «Қазақ хандығының бой көтерген жері Шу өзені бойын дағы Қозыбасы шоқысы» деп жазылған. Алайда, аталған Қозыбасы шоқысы қай жерде дегенде тарихшылардың арасында пікір қайшылығы бар. Өйткені, Жетісу өңірінде Қозыбасы деп аталатын үш-төрт жер кездеседі. Біз осыдан бірнеше жыл бұрын Мойынқұм ауданына қарасты Қозыбасы деп аталатын жерде болдық. Аталған жерде Хантауы сияқты əр түрлі тарихи атаулар бар. Менің ойымша дəл осы Хантаудың іргесіндегі Қозыбасы шоқысы Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған сияқты. Себебі, Қозыбасы шоқысы шаруашылыққа жайлы əрі сол кездегі қазақ хандығына қарсы жаулардан алыстау орналасқан. Оның үстіне Владимир дейтін археолог тарихшы «Шу бойындағы хандар» атты еңбегінде «Мойынқұм өңірінің халқының аңыз əңгімелерінде Жəнібек пен Керейдің Хантауында билік құрғаны туралы жиі сөз болады» деп жазады. Алайда, Қазақ хандығының алғашқы астанасы нақты қай жерде болғанын анықтайтын арнайы экспедиция жасақталуы керек. Осы экспедиция Керей мен Жəнібек құрған Қазақ хандығының орталығын анықтауы тиіс. Жалпы, Шу өзені Қырғыз Алатауынан басталып Мойынқұм ауданына дейін не бəрі 100 шақырым ғана болады. Сондықтан да экспедиция жұмысы археолог тарихшыларға анау айтқандай ауыр болмайды деп ойлаймыз.
Серік ЖОЛДАСБАЙ
1 пікір