Жаңалықтар

2015 жылдың жоспары

Ескі жылды шығарып салып, Жаңа жылды қарсы алар алдында әрбір адам іштей өзіне есеп береді. Біреулер үшін бұл жыл жетістіктер мен қуаныштарға толы болса, біреулер үшін аса сәтті болмауы мүмкін. Бірақ адам баласы болашақтан үмітін үзбейді, оның өмір сүруге деген құлшынысын да дәл осы үміт арттырады.

Келер жылдан жақсы жаңалықтарды күтпей, осы кезден бастап жоспар құрып көрсек қалай болады. Әрине, жоспардың жүз пайыз орындалмайтыны белгілігі, бірақ алдын ала жоспарланған іс сіздің мақсатқа жетуіңізге жетелер бірден бір жол. Болашақтың іргетасын қазірден салу керек.

Сонымен, 2015 жылға арналған жоспар:

  1. Жоспарды осы кезге дейінгі жетістіктер мен сәтсіздіктерді қорытындылаудан бастаймыз. Мұқият сараптап, баға береміз. Әдеттегі адамның өмірі бес басты фактордан қалыптасады: отбасы, жұмысы, денсаулығы және материалдық дәрежесі. Бесіншісі қосалқы, бірақ ең маңыздысы – рухани қалау. Жанның қалауы адам тағдырының қалыптасуына тікелей ықпал жасайды. Өткенді саралай келе, болашаққа деген жоспарды осы факторларға негіздеуіміз керек.
  2. Бір параққа жоғарыда аталған факторларға негізделген армандарыңызды тізіп шығыңыз. Ерінбей бәрін жазыңыз.
  3. Бірнеше күннен кейін сол парақта жазылған арман-мақсаттарыңызды қайта қарап, керек еместерін сызып тастаңыз. Қалғандарын өзектілігі бойынша бөліңіз де, әр қайсысының орындалу мерзімін бекітіңіз. Мерзімді тоқсан бойынша бөліңіз. Ең соңғы үш айды бос қалдырыңыз. Жыл бойында сізде жаңа мақсаттар пайда болса, сол мерзімге саласыз.
  4. Армандарыңызды айларға бөлген соң, әрбіреуін орындау үшін 10 қадамнан тұратын нақты жоспар жасаңыз.
  5. Армандарыңыздың орындалуы үшін бір-біріне кедергі келтірмеуін ескеріңіз. Егер орындалу мерзімінен кешігіп жатсаңыз, жоспардың мерзімін қайта қарап шығыңыз. Әрбір тоқсан сайын өзіңізге есеп беріп тұрыңыз. Алған беттен қайтпаңыз. Ешқашанда жалқаулыққа жол бермеңіз.

el.kz сілтейді


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*