Әдебиет

Омарғазы АЙТАН атындағы арнайы сыйлық иегері Бәтима Ахметова: Әулие бұлақ

10110-e1301670525781-226x300

Біз ұзық жол соғып Әулиебұлаққа, батыр бабаның жатқан жеріне таң ата жеттік.

Бұлақ басына келіп тоқтаған көліктен жасы бестен енді асқан егіз ұлыдарым Керей мен Жәнібек түсе сала анадайда тұрған батырдың ескеткішіне қарай тұра жүгірісті.

  • Шеше! Шеше! Мені шақырған атам әне тұр… алақай… ата… ата…

Кесенеге қарай тұра жүгірген балаларымның артынан қарап тұрап өткен күндерім көз алдымнын тізбектеліп өте бастады.

***

Атағы апандаған айтулы адам болмасда әкем ауылға сыйлы, анам айналасына жұғымды, ағаларым ағайынға сыйымды әулет-тұғын. Алдымда бес бірдей ағам бар үкінің үлпілдегіндей мәпелеп өсірген қыз едім.

Бой түзеп, бойжеткен соң “Жол мұраты жеті, қыз мұраты кету” дегендей өзім қатарлың бір көрші ауылдың баласына жат жұрттық болдым.

Барған жерімде басынан бағы таймаған, күніне қанша қонақты аттандырып тастасада қазаны ортаймайтын, барды-жоқтысының барын көрші-қолаңымен бөлісіп отыратын ақжарқын жандар-тын.

Күнделікті күйбіңмен қамсыз күндер бірінен соң бірі өтіп жатты. Күні не арада аттай желіп алты жылда өте шықты. Алты жыл бойы жүзім қанша жайнап жүргенімен бойыма бір түйір шикі еттік бітпегенін ойлап іштен қатты қамығатынмын. Ата-енем қанша қанша алақынына салып әлпештегенімен, күйеуім көңілімді табуға қанша тырысқанымен көкірегімнің түбінде бір күні әлде біреу “Пұшпағы қанамаған…” деп қалатындай күй кешіп жүрдім.

***

Ой соқтылық ақыры орнымнан тұрғызбай бұйықтырып жатқыза беретін болған. Орнымнан тұрайын десемде жүйкемнен тарқын әлде не құрсаулап алған. Даңсалы деген біраз емшіні әкеліп көрсетті. Тіпті ауылдың, ауданның емханасынада жатқызды. Еңсемді бір көтере алмай-ақ қойдым. Қыс аунап көктем келген кез. Енді тіпті орнымнан өздігімнен қозғала алмай қалғам.

Күйеуім жас балаша көтеріп есік алдына алып шығып жұмсақ бөстектермен толтырған үлкен орындыққа әкеліп отырғызып қоятын.

Бұрындары мен атқырып жүрген үй жаруасына енді енем өзі істеп жүр.

Тамаққа тәбетім тартпағанына қарамай қайта-қайта сусын иә болмаса жылы-жұмсақ тамақ әкеліп тықпалайды. Көктемнің сол сылбыраң бірақ шуақты бір күні үйге алыстан енемнің үлкен ағасы Есен ата келді.

Ол кісі көзқарақты, аздап емшілікпен айналсады, тіпті кейде салмақт ауыруларды да емдеп жазып жібереді деп еститінмін.

Нағашыатаға сәлем беріп амандасып келушілердың аяғы ел орынға отырғанша саябырламады. Мен басымды әзер көтеріп дел-сал болып отырғам.

Мен туралы үйдегілер ешнәрсе атпағанымен таңертеңгі шайда отырған кезде ол күйеуіме қарап:

  • Әй жиен, бүгін сен ана-мына шаруаны қайырып қойда мына келінді ертіп, малыңның ішінен бір ақсарбас қойыңды алып анау Қалбатауға аттан. Сол таудың баурайындағы әулие бұлақтың басында атақты “Ер Жәнібек” батырдың мазары бар. соған тәу етіп бұлақ басына құрбандық шалып сонда үш түнеп кел. Мен осында сендерді күтіп жатамын… –деді.
  • Жәрайды нағашы ата жарайды… күйеуім елпілдеп отыр.
  • Ағакем-ау, осы құлыным дертінен айығарма сонда… – енем көз жасын моншақтатып жылай бастады.
  • Алла жолын ашып, аруақ қолдасын… – атам ақ тілегін ақтарып жатыр.

Нағашы атамыз ішінен күбірлеп ұзақ мінәжат етіп отырды да:

  • Ал, енді ерте күнді кеш қылмай тез жинал!.. –деп күйеуіме бұйырды.

Ішер тамақ, жатар орынымызды алып, ақсарбас қойды көліктің жүк салғышына салып біз жолға шығып кеттік.

Ұзақты күн жүріп батыр атаның басына жеттік. Менің кеңсрігім ашылым көкірегім кеңіп тыныстап қалғандай болғаныммен тұрып жүұріп кеткенге дәрменің жетпей омалып отырмын.

Ақсарбасты сойып ошақ асқан күйеуім ілезімде мазарға жапсарластырып итарқа тіттіде мені көліктен түсіріп сонда жайғастырды. Дайын болған тамақтан аз ғана талғажау еттімде қисайып жатып көзім ілініп кетіпті. Түс көріп жатыр екем.

Түсімде аузынан жалын шыққан көк арлан маған қарай ұмтылып келеді екен деймін. Арланнан қорқып тұра қашыппын. Орамалымды қолыма алып жан ұшырып қашып келе жатсам алдымнан нағашы атамыз шыға келіп:

  • Айналайын қорықпа келінжан… ол Жәінекемнің көкбөрісі ғой… қорықпа… деп айтып ғайып болып кетті.

Тұла бойым тітіркеп қорқып тұрған мені көк бөрі келіп иіскелеп біраз тұрды да ары қарай кетіп қалды… мен сол көкбөрінің артынан еріп жүгіріп келеді екен. Жүгіре-жүгіре сілем қатып құлап қалам.

  • Шай дайын болды… тұрып шай іш… деп күйеуім оятқанда бірақ ояндым. Жаныма келіп сүйеп тұрғызбақ болған күйеуімнен бұрын басымды көтеріп алдым. Денем жеңілдеп қалғандай. Дегенмен орнымнан тұрып кеткенге әлі дәрменім жетер емес. Менің басымды өзім көтергеніме күйеуім балаша қуанды.

Атаның аруағына мың мәрте рахыметімізді айтып тағы бір кешті батырдық. Күндегідей емес тамаққа азда болса тәбетім ашылып ауқаттанып алдым.

Бұл түні тағы сол кешегі түсті көрдім. Тек бүгін көкбөрі біреу емес екеу екен. Тағы жан ұшырып қашып келем. Тағыда сол нағашы ата алдымнан шығып тоқтатады. Тағыда сол қос арланның артынан жанұшырып жүгірем…

Құдайдың құдіреті ертеңінде орнымнан өзім тұрып жүре алатын халге жеттім. Қара кешке дейін батыр мазарын шыр айналып тілек тіледім. Кешті батырып ұйқыға бас қойдық.

Басым жастыққа тиер тимес ұйқылы ояу қалпымда түс көріп жатырмын. Анадайдан қос арлан маған қарай алып ұшып келеді екен. Оқша атылған бөрілер тоқталмастан келіп менің құшағым сіңіп кетіпті деймін. Кешегідей емес бүгын түсімнен қорықпайды екенмін деймін. Құшағыма еніп кеткен бөрілерге таңырқап тұрғанда анадайдан керіскедей көк атқа мінген ақсақалды адам келіп:

  • Балам қолыңды жай: менің атым Ер Жәнібек Алланың қалауымен сен менің қос арланымдай қайратты егіз ұлды боасың. Аттарын “Керей, Жәнібек” деп қой… балаларың өмірге келгенше түсіңді өзің айтушы болма!.. қашан өз аттарын айқайлап шақырғанша сыртқа шығармаңдар! –деп бұйырды. Мен қос алақанымды жайып бетімді сипағанымда жаңағы көрінген ақсақал көк тұлпарына қанат бітіп аспанға қарай құйғытып барады екен. Жақсы түс жаныма жағып қатты ұйықтап кетіппін.

Бүгін мен күйеуімнен бұрын ояндым. Денем жеңілдеп сергіп қалыппын. Қорғаншақтап қозғалып көріп едім. Қол-аяғым қалпына келгендей. Жайлап орнымнан тұрып кеше күйеуім жинап қойған қу отынды ошаққа салып таңертеңгі шай даярладым. Орнымнан тұрып жүріп кеткеніме қуанғаным сондай күйеуімді оятып алып балаша арлы берлі жүгіріп масаттанып жүрмін.

Біз ауылға кеш бата қайттық.

Айтқанындай нағашы атамыз бізді күтіп жатыр екен. Біз келгесін көрші-қолаңды шақыртып тағы бір бас мал сойдырып кіші кірім тілеу жасатып, сосын ата-енемді қасына шақып алып:

  • Енді қашан келетінімді бір құдай өзі білер. Алла қаласа немерелі боласыңдар… Атын Керей, Жәнібек қойыңдар.. деп шүйінші хабар айтты. Ата-енемде шығарға жан жоқ ебіл-дебіл болып қуанып жүр.

Түсімдегі батыр бабаның берген аянын нағашыатаның қалай біліп алғанына ақылым жетпей қойды.

Ай-күнім жетіп шекесі торсықтай екі ұл тапптым. Түсімдегі батыр бабамның бұйрығы, нағашы атаның қалауымен біріне Керей, енді біріне Жәнібек деп ат қойдық.

Қос құлнымыз бүткіл әулеттің көз қуанышына айналды. Апыл-тапыл аяқтарын басып, былдырлап тілі шықты. Өз аттарын қашан шақырар екен деп күн санап асыға күтіп жүргем.

Апа-аталап тілі шыққан балалар беске келгенше өз аттарын айтпаған. Тек соңғы кездері әжесіне: – Әже мен батыр атаны көрдім… мені ертіп жүрді.. деп айтынды шығардды. Екеуі бірдей түс көргенін айтады. Жазғы тірліктің қамымен ете шайға отырғансыз. Ауылдың итін шулатып қатты жүріспен келген атты адам біздің үйге ат басын бұрып суық хабар жеткізді.

Иманды болғыр алыстағы нағашымыз қайтқан екен.

Осы хабарды ести сала дауыс салған енем екеумізге қосылып қос құлыным “Керй!.. Жәнібек!..”, “Керей!.. Керей!.. Жәнібек!.. Жәнібек!..” деп орындарынан атып тұрып ұрандата жөнелді.

Нағашымыздың орнына жиналып жолай батыр бабамыздың басына жеткеніміз осы.

Керей!.. Керей!.. Жәнібек!.. Жәнібек!.. – деп ұрандатып кесенеге қарай жаяу шапқылап бара жатқан құлыншақтарыма қарап тұрып батыр атаның аруағына егіліп отырып мінажат еттім.

 

 


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*