Жаңалықтар

Жүргенов жайлы фильм түсірілді

slide_1

Астана. 8 қаңтар. Baq.kz – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргенов жайлы «Темір нарком Темірбек» атты деректі фильм­нің тұсаукесері болып өтті. Шара Темірбек Жүргенов ескерт­кі­ші­не гүл шоқтарын қоюдан бастау алды.

Фильмнің тұсаукесері алдында Қа­зақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімов сөз алып, бұл туындының бүгінгі ұрпақ үшін мән-маңызына тоқталды. Сонымен бірге белгілі жазушы Софы Сматаев та Темірбек Жүргеновтің ерен еңбегін ел ұмытпайтынын айтты.

Туындыда Т.Жүргеновтің балалық ша­ғынан бастап, оның қоғамдық жұмыс­тарға белсене ара­ласқаны, халқы үшін аянбай тер төккені кезең-кезеңімен си­патталады. Режиссері Еркін Ра­қышев осы уақытқа дейін беймәлім болып кел­ген бірнеше материалға сүйене отырып, Қазақ КСР ағарту ісі министрінің өмірі жайлы те­реңірек ашуды мақсат тұтқанын тілге тиек етті.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

http://baq.kz сайтынан


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*