«Сәтті қадам» жобасы III кезеңінің қатысушысы Қанан Ая өзі бітірген жоғары оқу орнына жұмысқа орналасты, деп хабарлайды “Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметі.
Ая 1988 жылы ҚХР дүниеге келген. Кейіннен ол отбасымен бірге өз тарихи отанына қайтып оралды. Ая 2010 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығын тәмамдаған соң, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бейжің қаласында орналасқан Цинхуа университетінің магистратура бөліміне оқуға түседі.
Қытай даналығында айтылғандай, «оқып үйренуге, уақыт келгенде, сол алған тәжірибеңді өз саласында қолдана алу – неткен бақыт?!» осы бағытқа сүйенген Қана Ая өзінің кәсіби өмірлік жолын «Сәтті қадам» жобасынан бастауды жөн көрді.
Жобаның барлық кезеңдерінен ойдағыдай өткен Ая ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің жанындағы Мемлекет тарихы институтында 3-айлық тағылымдамадан өтуге жолдама алады. Табысты тағылымдама өз мәресіне жеткен соң Ая ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағыттауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне қытай тілінің оқытушысы ретінде жұмысқа орналасады.
Жоба қатысушысы өз сөзінде: «Мен «Сәтті қадам» секілді жобалар жастарды жоғары талапты маман болуға және қажетті деңгейдегі өтілеттілікті жинауға біршама мүмкіндіктер береді деп санаймын!».
kerey.kz порталынан