Жаңалықтар

Елімізде зейнетақы 9 пайызға өсті

dengi15.11titАСТАНА. 5 қаңтар. Еліміз бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9 пайызға көбейді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

«2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда көрсетілгендей, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең аз зейнетақы мөлшері 23 692 теңге болып белгіленді. Еске сала кетейік, 2014 жылы ең аз зейнетақы көлемі 20 782 теңгені құраған-ды.

Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2015 жылғы 1 қаңтардан 11 182 теңгеге дейін ұлғайды. 2014 жылы мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем мөлшері 9 983 теңге болған. Бұл зейнетақының ең төменгі мөлшері 34 874 (23 692 + 11 182) теңгеге өскенін білдіреді.

Еліміздегі зейнеткерлердің саны 1,9 миллионнан асып жығылады. Өткен жылы ең жоғары зейнетақы мөлшері 67 399 теңге болса, енді 73 257 теңгеге артты. Оның орташа мөлшері 45 633 теңгеден 49 532 теңгеге көтерілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері де 7 пайызға өсті. Елімізде жәрдемақы алушылар саны 600 мыңнан астам адамды құрайды.

Жолдыбай Базар.

Дерек: egemen.kz.

Сурет: news.nur.kz.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*