2015 жылдың 13 ақпаны сағат 15:00 де Алматы қаласы “Баспалар үйі” пресс клубында” «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқаудың марапаттауы өтеді.
«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған прозалық шығармалар бәйгесінің марапаттауына қазылық еткендер қазақтың белгілі жазушылары мен ақындары, мемлекет қайраткерлері.
Байқауды бағалау комиссиясындағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидахмет Әшімхан, Қазақстанның мәдениет қайраткері және М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы, ақын, ұстаз Мұрат Шаймаранұлы. Әділқазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Кәкен Қамзин және “Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының” мүшелері мен бірге БАҚ саласының өкілдері қатысадыү.
Бас жүлде:
Қанат Әбілқайыр – «Қарға тамыр»(әңгіме);
Бірінші орын:
Мұрат Алмасбекұлы – «Үш бейіт»(әңгіме);
Екінші орын:
Ұлан Бапай – «Алтайдан биік асқар бар»(әңгіме);
Мейіржан Әуелханұлы – «Арыстан көл»(әңгіме);
Үшінші орын:
Айгерiм Амалбеkова – «Еліне ұран болған Ер Жәнібек»(әңгіме);
Бақытбек Қадырұлы – «Кері түс»(әңгіме);
Сарқытқан Қастер – «Ер Жәнібек көзіндей ескі сандық»(эссе);
Арнайы жүлде:
Қойшыбек Мүбарак – «Бөрілі көш»(әңгіме)
Бәтима Ахметова – «Әулие бұлақ»(әңгіме)
Абылайхан Есімбай – «Еліне қорған болған Ер Жәнібек»(әңгіме)
Қуаныш Қаппас – «Алтайда арман көп»(әңгіме)
Саодат Ордашева – «Қан майданда қайтыс болған қарғашым»(әңгіме)
Жеңімпаздарға тағайындалған жүлделер:
Бас жүлде – біреу;
І орын – біреу;
ІІ орын – екеу;
ІІІ орын – үшеу;
Арнаулы жүлделер – бесеу.
«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры
Марапаттау өтетін жер Алматы қаласы Абай көшесі 143, Гагарин көшсінің қиылысы “Баспалар үйі” ғимаратында.
Pingback: 13 ақпаны сағат 15:00 де Алматы қаласы “Баспалар үйі” пресс клубындағы прозалық бәйгенің марапаттауына келіңіздер!