Жаңалықтар

Қазақстан футболының 100 жылдығы Семейде тойланбақ

auezov

1913 жылы Семейде тұңғыш құрылған “Ярыш” (“Жарыс”) футбол командасы. Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов (үшінші қатарда оңнан санағанда – екінші) жас кезінде коман­даның жартылай қорғаушысы болып ойнаған. (Сурет Семейдегі татар мәдени орталығынан алынды)

  Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі еліміздің Футбол федерациясы мен Спорт және дене шынықтыру агенттігі мамандарымен бірлесе отырып, қыркүйектің 21-22-сі күндері Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырмақ. Бұл жөнінде аталған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялық қызметінде өткен БАҚ өкілдерімен болған брифинг барысында мәлімдеді.

Осы шара аясында ғылыми-тәжірибелік конференция, республикалық велошеру, волейбол фестивальі, қазақ күресінен екінші республикалық турнир және футболдан миллиондар кубогының ақтық сайысы болады деп жоспарланып отыр. Мерекелік шараға қонақ ретінде әйгілі командаларының ардагерлері мен UEFA өкілдері де шақырылған.

1913 жылы тұңғыш «Жарыс» футбол командасы Семей қаласында құрылып, жазушы Мұхтар Әуезов команданың жартылай қорғаушысы болып ойнаған.

                                                                                  Бопай ханша


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*