Жаңалықтар

Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына арналған пошта маркасы шықты

10987323_10152988706321622_2988353297027035134_n

Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына арналған пошта маркас шықты, – деп хабарлайды Qamshy.kzпорталы.

Ер Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойы жыл бойы тойланды. 2014 жылы Қазақ елінің түкпір-түкпірінде “Еліне қорған болған Ер Жәнібек!” атауымен ғылыми конференциялар, мерекелік шаралар, халықаралық ақындар айтысы, ұлы ас, Еуропа, Моңғолия сынды мемлекеттерде ұлан-асыр той өтіп, бүкіл қазақ даласы дүбірге толып, мерекеледі.

Естеріңізге сала кетейік, атаулы шара “Еліне ұран болған Ер Жәнібек” атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқаумен жалғасып отыр. “Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының” ұйымдастыруымен өтіп жатқан 300 жылық мерейтой 2015 жылдың 13 ақпаны күні сағат 15:00-де  Алматы қаласы “Баспалар үйі” пресс-клубында жалғасын табады.

Мейіржан Әуелханұлы


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*