2015 жылдың 13 ақпаны сағат 15:00 де Алматы қаласы “Баспалар үйі” пресс клубында” «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқаудың марапаттауы өтті.
Салтанатты жиналысты “Ер Жәнібек” халықаралық қоғамдық қорының президенті профессор М.Темірбаев ашты. аталмыш шараны ұйымдастырушылардың бірі ақын Талапбек Тынысбек жүргізді.
Қазылар алқасының төрағасы ф.ғ.д. профессор Кәкен Хамзин, Ақын, қоғам қайраткері Аманқан Әлім арнайы сөз сойлеп бәйгеге түскен шығармалар туралы, осы іс-шараны ұйымдастырып отырған Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры туралы ізгі тілектерін білдірді.
Осы отырыс барсында жақында ғана айналымға түскен Қазпочтаның “Ер Жаныбек 300” почта маркасының таныстырылымын қордың вице президенті Мұхаметқан Омаров таныстырды. Алматы облсы Жетіген ауылынан салынатын Ер Жәнібек атындағы мешттің құрлысының эскизін кәсіпкер Сабаржан Қасенов таныстырды.
Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының жыл бойығы атқарылып келе жатқан іс-шаралырның демеушілерінің бір шоғыры осы жиналысқада келіп топтан озған шығармалардың бәйгесін тікті.
Байқауды бағалау комиссиясындағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидахмет Әшімхан, Қазақстанның мәдениет қайраткері және М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы, ақын, ұстаз Мұрат Шаймаранұлы. Әділқазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Кәкен Қамзинның бағалауымен:
Ақыт Үлімжіұлы атындағы бас жүлдені Қанат Әбілқайырға («Қарға тамыр») Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының президенті М. Темірбаев;
Асқар Татанайұлы атындағы бірінші орынды Мұрат Алмасбекұлына («Үш бейіт»); Қазылар алқасының төрағасы Кәкен Қамзин;
Мағаз Разданұлы атындағы екінші орынды Ұлан Бапайға («Алтайдан биік асқар бар») Жасан Зекейұлы;
Қажығұмар Шабданұлы атында екінші орынды Мейіржан Әуелханұлына («Арыстан көл») Азат Кәрімұлы;
Төлеубай Бөжек атындағы үшінші орынды Сарқытқан Қастерге («Ер Жәнібек көзіндей ескі сандық»(эссе) Мұхаметқан Омаров;
Көдек Маралбай атындағы үшінші орынды Айгерiм Амалбековаға («Еліне ұран болған Ер Жәнібек») Ерлан Төлеубайұлы;
Таңжарық Жолдыұлы атындағы үшінші орынды Бақытбек Қадырұлына – («Кері түс»); Базарәлі Әріпұлы
Нығымет Мыңжан атындағы арнайы жүлдені Мүбарак Қойшыбекке – («Бөрілі көш») Қаматай Жәкенүлы;
Омарғазы Айтанұлы атындағы арнайы жүлдені Бәтима Ахметовға («Әулие бұлақ») Жігер Жәнәбілұлы;
Ғаппар Біләлұлы атындағы арнайы жүлдені Абылайхан Есімбайға («Еліне қорған болған Ер Жәнібек») Ахметжан Қайбарұлы;
Жақсылық Сәмит атындағы арнайы жүлдені Қуаныш Қаппасқа («Алтайда арман көп») Мақсұтқан дәлейұлы;
Қаусылқан Қозыбай атындағы арнайы жүлдені Сағадат Ордашеваға («Қан майданда қайтыс болған қарғашым») Оразбек Базарбайұлы сынды азаматтар жүлделері мен дипломдарын тапсырды.
Сонымен берге “Ер Жәнібек -300” бағдарламасының барлық атқарылған іс-шараларының басы қасында ақпараттық қолдау көрсеткен
“Түркістан” халқаралық саясыи газетінің журналисы Есенгіү Кәпқызына, Республикалық қоғамдық саяси “Дат” газетінің журналисы Қозыбай Құрманға, Алматы теле арнасы жаңалықтар бөлімінің журналисы Әмірболат Құсайынұлына, Қамшы ақпараттық порталының редакторы Біләл Қуанышқа, жиналыстың модераторы Талапбек Тынысбек арнаулы алғыс хатпен сыйлықтытарын табысырды.
Елдің елдігі мен бірлігі жолында бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарып осы шағармашышық бәйгені қаржыландырған Мерей Сілімұлы, Толқын Ақынұлы, Жеңіс Түркия, Алмас Зұлқажы, Қаматай Жәкен, Алқанбай Сатыпалды, Есен Байтыл, “Жебеу” қоғамдық қоры, Жігер Жәнәбіл, Жасан Зекей, Мақсұтқан Дәлей, Мақсат Әбдіқадыр, Айса Оразқан, Ерлан Төлеубай, Орайзбек Базарбай, сынды атымтай жомарт азаматтарға қор президенті Мақсұт Темірбаев өз қолымен асғыс хат табыстады.
Салтанатты жиналыстың соңы “Достар” ресторанына жайылған “Ер Жәнібек” халқаралық қоғамдық қорының вице президенті Жеңіс Түркияның кең дастарқанына ұласты.
“Ер Жәнібек” халықаралық қоғамдық қоры