Жаңалықтар

Жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтт

conpe

Қазақстан жазушылар одағы басқармасы, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылыдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция 21 желтоқсан сағат 15:00 де қазақстан жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде өтті.

Бұл жолғы еске алу кешінің басты ерекшелігі жазушының шығармашылығына қоса, қазақ әдебиетінің де өзекті мәселелері талқыланды. Сондықтан да конференция атауы «Қазіргі қазақ прозасының өзекті мәселелері» деп аталды.

Еске алу кешінің бет ашар сөзін қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының 1- орынбасары, белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы бастады. Ары қарай халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов мінбеге көтеріліп, қаламдас досы, замандас інісі туралы кеңінен көсіліп, арғы-бергі тарихқа тоқталып, ел есінде қалатындай тұшымды естелік айтты. «Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығының» 1- орынбасары Талғат Мамашев өз сөзінде жазушы туралы жақсы лебіз білдіріп, талантқа деген құрметін жеткізді. Қабдеш Жұмаділов пен Талғат Мамашев жазушының жаңадан шыққан «Сарала қаз»атты әңгімелер жинағының тұсауын кесті.

Конференцияның тақырыбына сәйкес М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д. Гүлжаһан Орда, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызыметкері, ф.ғ.к., доцент Мәмбетов Жолдасбек, белгілі журналист Есей Жеңісұлы қатарлы көптеген әдебиетші ғалымдар ғылыми баяндамалар жасап жиналыстың салмағын арттыра түсті.

Конференцияның материалдары кітап болып дайындалып оқырмандарға таратылды.

Конференция соңында «Ер Жәнібек» халықаралық қоры қонақтарға дастархан жайлып, марқұмға арнап құран бағыштады.

12366481_1505705243064507_226130027451716045_n
5673_1505705286397836_6308090800649321712_n

3x5 baner


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*