Жаңалықтар

Досан Баймолданың «Европадағы қазақтар» және «Польша күнделігі» атты кітаптарының тұсаукесері өтті

 «Ер-Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматыдағы республикалық кітапханада ғалым, публицист Досан Баймолданың екі кітабының тұсаукесері өтті.

001

2016 жылдың 13 қаңтары күні  Алматыдағы  ҚР Ұлттық кітапханасында «Ер-Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ғалым, публицист Досан Баймолданың  «Европадағы қазақтар» және «Польша күнделігі» атты  зерттеу кітаптарының тұсаукесері болып өтті. Оған ғалым-мамандар, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және оқырман қауымы қатысты.

«Европадағы қазақтар» атты зерттеу кітапқа  қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс тіршіліктері,  кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік  қиындықтар жайы сөз болады. Кітап  автордың «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдардағы жинаған мұрағат құжаттары және Еуропада тұрып жатқан қазақтар арасында өткізген сауалнама мен көптеген сұхбат материалдары негізінде жазылған. Автордың бұл еңбегі осы саладағы алғашқы зерттеу кітап болып табылады.

Ал «Польша күнделігі» атты зерттеу кітапқа  ғалым, журналист Досан Баймолданың  Польша елімен қайта табысқан күндеріне жасаған шолулары,  Польша мен Қазақ елі  арасындағы тарихи қарым-қатынас, достық байланыстар туралы ой-толғаныстары, көзбен көргендері мен ойға түйгендері және жол сапарлық жазбалары енді.  Кітап Польша елінің тарихын қызықтаушыларға, халықаралық қатынас және саясаттану саласы бойынша білім алушыларға, сондай-ақ көпшілік оқырмандарға арналған.

Кітаптар тұсаукесерге жиналған жұртшылыққа таратылды. Және Ұлттық кітапхананың қорына 5 данадан 10 кітап  табыс етілді. Көркем тіл, орамды оймен жазылған бұл кітаптар Еуропада жүрген қазақтар жайында толыққанды ақпарат мәлімет алуда және Польша мен Қазақ елі  арасындағы тарихи тамырластықты, мәдени-рухани байланысты арттыруда табылмайтын құнды еңбектің болғанын жіне мұның көп кәдесіне жарайтынына сеніміміз мол. Кітап тұсаукесерінде сөз алған Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  профессоры, ғылым докторы, халықаралық журналист Досан Баймолда өзінің бұл еңбектерін Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайтынын атады.

004 005 003 002


1 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*