Жаңалықтар

Н. Нығматулинге университет ұстаздары хат жазды

fd7c96e572f48ee2a5f6ea45a091e166

Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Н.З.Нығматулинге

 Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздік жариялағаннан кейін шетелдегі қазақтарды тарихи отанына шақырып,  қандастарымызға арнап арнайы көші-қон саясатын үздіксіз жүргізіп келеді. Бүгінде ата-жұртына оралған қазақтардың саны 952 мың 882-ден асты. Бұл Қазақстан халқының 5,5 пайызы. Өткен жылы, көші-қон туралы жаңа Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қабылданып, Президент қол қойды.

Елбасы БАҚ құралдарына берген бейресми сұхбатында көші-қон туралы: «Ол саясат өзгермейді. Бізге қайтып келем  деген ағайындарға – қазақтарға есік ашық. Мен көбірек келгенін қалаймын ол адамдардың!», – деп өз ұстанымын айтты. Президенттің бұл пікірі, шетелдегі қазақтардың ата-қонысына бағыт түзеген көшінің екінші алтын дәуірін бастайды. Осыған орай, біз Елбасы саясатының, Мәңгілік ел мұратының мүлтіксіз орындалуына бар күш-қайратымызды жұмсауға міндеттіміз. Сондықтан, біз алдағы уақытта көші-қон төңірегінде туындайтын келеңсіз мәселелердің алдын алып және оны болдырмау жолдарын қарастыруымыз керек.

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері және Президенттің саясаттағы сенімді өкілі ретінде – Қазақстан азаматтығын алған, тәуелсіздіктің ширек ғасырлық дамуын, өркендеуін, барлық қазақстандықтарға тең жасалып отырған игіліктерін толық пайдаланып, қандастарымыздың арасынан зиялы қауым өкілдерінің, ғылым докторларының, көші-қон мәселесін жетік білетін белсенді қоғамдық ұйымдардың мүшелерінен бірнеше азаматтың алдағы Парламент сайлауына қатысуына өз тарабыңыздан қолдау көрсетеді деген сенімдеміз. Бүгінде Елбасының көші-қон саясатын үнемі  қолдауының нәтижесінде ата-жұртқа келген қандастар арасында 74 ғылым докторы, 213 ғылым кандидаты, 1600 шығармашылық қызметкер, 12,5 мың білім беру саласының қызметкерлері, 7 мың медицина саласының мамандары, 40 мың 700-ден астам жоғары  білім алған азаматтар бар екен.  Ал бұлардың қатарында Елбасы тізгінін ұстан “Нұр Отан” партиясына мүше болған азаматтардың қатары көп.  

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!         

Әлемнің 40-тан астам елінде өмір сүріп жатқан әрбір қазақОтанға, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақстан халықына арқа сүйейді!  Мәжілістің алдағы алтыншы шақырылымында шетелден келген, Елбасы саясатын терең түсінетін, Президенттің сенімін ақтауға лайықты азаматтардың “Нұр Отан” партиясы атынан Парламент депутаты болып сайлануына өз тарабыңыздан қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

Құрметпен:

Кәкен Қамзин, Ф.Ғ. Д. , профессор

Аманқос Мектеп-тегі, Ф.Ғ.К., доцент

Мұрат Шаймаран, ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы

Қойшыбек Мүбарак, ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы, жазушы

dalanews.kz


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*