Жаңалықтар

үш тілде Әлихан Бөкейхан атты жаңа кітап шықты

muhaba 15

Сүйінші, достар!
Алты Алаштың көсемі ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ өмірі,

сан қырлы қызметі және мұрасы туралы Сұлтан Хан Аққұлының қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі зерттеулері, мақалалары және сұхбаттары жинағының «сүйінші» данасы басылып шықты. Жинақ «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының қаржылай демеушілігі арқасында жарық көрді.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
2 аптаның ішінде жинақ кітапты Алматы мен Астана қалаларының кітап дүкендерінен сатып алуға болады. Сатып алушылар асықсын. Жинақ 1 мың данамен ғана жарық көрді.
Ұлт тарихын қадірлеушілердің назарына. Таяуда қазақ тілінде Әлихан Бөкейхан туралы тұңғыш 2 томдық монография жарық көреді. Шығармада тарихи-мұрағаттық құжаттар мен дерекөздер негізінде қазіргі Қазақ елінің іргетасын қалаушы Әлиханның дүниеге келген сәтінен 1937 жылы Мәскеуде ОГПУ-НКВД-ның тас қапасында ату жазасына кесілген күніне дейінгі ғұмырлық жолының беймәлім сәттері, сан қырлы қызметінің жұмбақ болып келген қыр-сыры баяндалады.

 

01 02 03 04 05 06 07 08 09

 


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*