Кітапхана

Көсемі бар ұлттың ғана көші түзу. Әлихан Бөйкехан- 150 жыл

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 5 наурыз күні 150 жыл толды. Бұл айтулы мерейтой қазақ үшін бір жыл бойы жалғасын табады.

алихан туган кун 1

Мәскеудегі қазақ жастары мен  көшбасшының қандастары «Әлихан Бөкейхан – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері»  дегентақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Алихан туган кун 3

Бұл жиынға Әлихан Бөкейханның туысы, белгілі тарихшылар мен жазушылар, қоғам қайраткерлері мен қаламгерлер және Мәскеуде білім алып жатқан қазақ жастары қатысты.

алхан китап 1

Айтулы шара Мәскеу төрінде тұңғыш рет өткізілді.  Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын атап өтіп, кемеңгердің еңбектерін талқылап, Мәскеудегі қазақ ұлыстарының арасында Алаш зиялысы Әлихан жайында танымдық тағылым айту мақсатында ұйымдастырылған болатын.

алихан 01

Сонымен қатар,  Сұлтан Хан Аққұлының  «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қоры шығарған «Әлихан Бөкейхан» деп аталатын( үш тілде:  қазақ, ағылшын, орыс) кітабы Мәскеудегі білімгерлердің қолына тиді.

Алихан 02

Ресей Халықтар достастығы университетінің ғылыми проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Қирабаев Нұр Серікұлы  шараның модераторы болды.  Мәскеудегі қазақ жастары ұйымдастырған әдеби-сазды кешпен  шара аяқталды. Әлихан Бөкейхановқа арналған өлең де осы шараның төрінде оқылды.

Суреттер Әсел Асановаға тиісті материалдан алынды.

дереккөз: «Алауинформ»


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*