Кітапхана

«Әлихан Бөкейхан» кітабының тұсауы кесілді

 Бүгін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да құрылғанына он жыл толған «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі, ғалым-әлихантанушы

Сұлтанхан Аққұлұлының «Әлихан Бөкейхан» атты кітабының тұсаукесері өтті.

IMG_0013

Жиынға белгілі академик-ғалымдар мен тарихшылар, филологтар және де жас әдебиеттанушылар қатысты. Алаштың ардақты ұлы, бірінші көсемі Әлихан Бөкейханның еңбек жолы мен қайраткерлігін ширек ғасыр зерттеген автордың кітабы үш тілде жазылған.

IMG_0032

Есімі Түркия мен Ресейде ардақталып, Астанада жуырда ғана рухына арналып ас берілген тарихи тұлға туралы кітапта С.Аққұлұлының 2009-2016 жылдар аралығында жарық көрген Әлихан Бөкейхан жөніндегі зерттеу материалдары берілген  және келешекте Лондон қаласының атақты университеті Окфордта да басылып шықпақ.
IMG_0034

Жинақ «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының жетекшісі Жеңіс Түркияның бастамасымен жарық көріп отыр. Сәуір айының басында Украина елшілігінің бастамасымен аталған мемлекетте Әлихан Бөкейхан атындағы халықаралық ғылыми конференция өтеді деп күтілуде.


IMG_0046

 Сондай-ақ, 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде өтетін ұлт көсемінің өмірі мен қызметіне арналған екі кітап шығару да жоспар да бар. 2015 жылдың қараша айында Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 38-сессиясында «әлемдік деңгейдегі шын мәніндегі аса көрнекті қайраткер тұлға» деп мойындалған Әлихан Бөкейханның алғашқы 16-18 томдық толық жинағы, «Алаштың Әлиханы», «Әлихан әлемі» және басқа да кітаптар жарық көрмек.

Фото, материал: Ермұрат Назарұлы

Дереккөз: «Алауинформ»


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*